Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

БАСПАНАЛЫ БОЛУ – БІР БАҚЫТ

БАСПАНАЛЫ БОЛУ – БІР БАҚЫТ
ашық дереккөз
БАСПАНАЛЫ БОЛУ – БІР БАҚЫТ
Баспана мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Дана халқымыз «Үйің болмай, күйің болмас» деп бекер айтпаған. «Өз үйім, кең сарайдай боз үйім» дегенді де біздің халық айтқан. Баспанаға ие болу әрбір адамның асқақ арманы. Кім де болса шаңырағы биік, іргесі берік өз үйі болғанын қалайды емес пе?! Күні кеше Тараз қаласы тұрғындарына №15 ықшамаудандағы жаңа қоныстан пәтер кілттері табыс етілді. Тұрғын үй ауласына жиналған халықтың қуанышында шек жоқ. Көңілді музыкҚайрат Исмайл бастаған облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Шәріп Дәулетбаев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Күләш Әбдікешова, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері Малтабар Жаманбаев, Жамалбек Сауранбаев, Тараз қалалық мәслихатының хатшысы Батырбек Құлекеев сынды азаматтар да жиналды. Алғашқы құттықтау сөзді Тараз қаласы әкімінің міндетін атқарушы Қайрат Исмайл алып, тұрғындардың қуаныштарымен бөлісті. – Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан халықты қолжетімді баспанамен қамтуға ерекше мән беріліп келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында – «Негізгі қағидат – тұрғындар, әсіресе әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтар үшін баспананың қолжетімділігін арттыру», дей келе, баспана сатып алуға жағдайы жоқ азаматтарға әлеуметтік жалға алу тәртібімен қоныстану үшін мүмкіндік беру қажеттігін басып айтқан еді. Бұл сөздің жай ұран болып қалмағандығын облысымызда соңғы жылдарда жиі тойланып жатқан қоныстойлардан байқай аламыз. Былтыр тараздық 1890 тұрғын пәтерлі болса, биылғы жылдың соңына дейін 2820 тұрғын жаңа салынған үйлерден баспана алады деп күтілуде. «Асар» жобасы бойынша да Тараз қаласында былтыр 15 үй берілсе, бұл жұмыс биыл да қарқынды жүріп жатыр. Бұл игі істер әлі жалғасын табады. Бүгін пайдалануға берілгелі отырған пәтер иелерін қоныстойымен құттықтай отырып, отбасыларына амандық тілеймін, – деп жылы лебізін білдірді. Сөз соңында Тараз қаласы әкімінің міндетін атқарушы Қайрат Исмайл, Тараз қалалық а шырқалып, көпшіліктің толқынысын еселегендей. Тараз қаласы әкімінің міндетін атқарушы мәслихатының хатшысы Батырбек Құлекеев, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Шәріп Дәулетбаев, қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы Сембек Сейдәзімов кезегімен пәтер алған тұрғындарға баспана кілтін салтанатты түрде табыс етіп, арнайы сыйлықтар берді. Содан кейін пәтерлі болған отбасылар атынан Есімхан Темірғалиев, Кәрім Медеубаев (ауған соғысының ардагері) сөйлеп, қаншама отбасыға баспаналы болу бақытын сыйлап жатқан облыс, қала басшыларына алғысын жаудырып, қуанышымен бөлісті. – Біраз уақыттан бері үй кезегінде тұрып, бүгін баспаналы болып отырмын. Өте қуаныштымын. Отбасымның атынан Мемлекет басшысына, облыс, қала әкіміне алғыс айтамын. Денсаулықтарыңыз мықты, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Бүгін біз үшін бақытты күн. Халықтың осындай жаңа үйлермен қамтылуы ең алдымен мемлекет саясатының кемеңгерлігін дәлелдейді. Өзім секілді баспаналы болып отырған барлық отбасылардың қуанышына ортақпын. Еліміздің, халқымыздың осындай қуаныштары көп болғай, – деді тұрғын Кәрім Медеубаев. Көптен күткен пәтер кілттерін қолына алған тұрғындар қуанышын жасырмай, бір-біріне құттықтау тілектерін білдіріп, жаңа баспанаға шашу шашты. Жанарларында қуаныштың нұры ойнаған тұрғындарды көріп, біз де жадырап қалдық. Бұл қуаныш қала әкімінің міндетін атқарушы Қайрат Исмайл қуаныш иелерімен бірге үйлерді аралап, құтты болсын айтқан тұста еселене түсті. Пәтердің бәрі де бүгінгі өлшем, талап, сапа негізінде салынған. Құрылыс жұмысының жоғары деңгейде жүргізілгені көрініп тұр. Қ.Исмайлдың айтуынша, алдағы күндерде тұрғындарды қуанышқа бөлейтін тағы да бірқатар қоныстой болмақ. Бұл қуаныш келесі жылы да еселене түседі.

Ақтоты ЖАҢАБАЙ

 
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар