Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Енді тыйым салынған жерге қоқыс тастағандар 695 мың теңгеге дейін айыппұл төлейді

Енді тыйым салынған жерге қоқыс тастағандар 695 мың теңгеге дейін айыппұл төлейді
ашық дереккөз
Енді тыйым салынған жерге қоқыс тастағандар 695 мың теңгеге дейін айыппұл төлейді
Үкімет отырысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев елімізде қоқыстың тыйым салынған жерге тасталғаны үшін жауапкершілікті күшейту жоспарланып жатқанын айтты.
Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске тыйым салынған жерге қоқыс тастағаны үшін салынатын айыппұл мөлшерін жоғарылатуды көздейтін түзетулер әзірленді. Мысалы, жеке тұлғаға құқықбұзушылық жасалған жағдайда – 50 АЕК-тен 100 АЕК-ке дейін айыппұл салынады. Ал шағын кәсіпкерлік субъектілер, я болмаса коммерциялық емес ұйымдар құқықбұзушылық жасаса, оларға – 100 АЕК-тен 200 АЕК-ке дейін айыппұл салынады, – деді министр.
Оның айтуынша, ӘҚБтК-ге түзетулер «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне елорда мен республикалық маңызы бар қалаларды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы аясында қарастырылған. Аталған құжат қоғамдық тыңдаудан өткен әрі кәсіпкерлік субъектілерге қатаң талаптар енгізіліп жатқандықтан талдау жүргізілуде. Еске сала кетсек, биыл маусымның соңында ақылы қызмет көрсету саласы бір жыл ішінде 13,3 пайыз қымбаттаған, соның ішінде қоқыс шығару тарифтері де көтеріліп отыр. Қазір елімізде орташа есеппен бір адамға арналған айлық тариф мөлшері – 403 теңге. Бір жыл бұрын небәрі 285 теңге болатын.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар