Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Боз даланың бозторғайы – Кенен Әзірбаев» тақырыбында адалдық сағаты өтті

«Боз даланың бозторғайы – Кенен Әзірбаев» тақырыбында адалдық сағаты өтті
ашық дереккөз
«Боз даланың бозторғайы – Кенен Әзірбаев» тақырыбында адалдық сағаты өтті
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастамасымен Жамбыл медициналық жоғары колледжі және облыстық әкімдіктің ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Боз даланың бозторғайы – Кенен Әзірбаев» тақырыбында кезекті онлайн адалдық сағаты өтті. Адалдық сағаты барысында халық ақыны, күміс көмей әнші әрі композитор ХХ ғасырдағы қазақ даласының ұлттық рухының ұлы өнерпазы Кенен Әзірбаевтың мұрасы туралы айтылып, күйлері мен әндері, шежірелері арқылы адалдыққа, парасаттылыққа, шыншылдыққа шақырған шақтары кеңінен баяндалады. «Адал еңбек ердің досы, бақ іздеудің жолы осы» - деп өсиет қалдырған ақын, жастарды адал еңбек етуге, сапалы білім алуға, парасатты болуға шақырған. Сонымен қатар, ол өзінің өнер жолында өмірдің мəні мен мағынасы әділетті қоғам орнатумен тікелей байлайнысты екенін қалың көпшілікке жеткізе білген. Онлайн-дәріс барысында жастар ақынның шыңдыққа, турашылдыққа, жанашырлыққа бет бұруға шақырған тұстарымен танысты. Бейне-дәріс облыстық барлық білім беру мекемелеріне таратылып, «Jambyl-info» ақпараттық агенттігінің ютуб-арнасында, департаменттің ресми сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылды. Бейне-дәріске сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=8oDusI9BuqI
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар