Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Этносаралық татулық– саяси тұрақтылықтың кепілі

Этносаралық татулық–  саяси  тұрақтылықтың кепілі
ашық дереккөз
Этносаралық татулық– саяси тұрақтылықтың кепілі
Қазақстан халқының достығы – біздің елдің баға жетпес байлығы. Бүгінде еліміздің әр облысында түрлі этнос өкілдері ауызбіршілікте ғұмыр кешіп, ұлтаралық келісім мен тұрақтылықтың үлгісін көрсетіп жүр. Әсіресе ұлты бөлек, тілегі бір халық жастарының татулығы берік. Биыл облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының әлеуметтік тапсырысы аясында «Этносаралық татулық пен мемлекеттік тіл – саяси тұрақтылықтың кепілі» тақырыбында 12 кездесу ұйымдастырылды. Бұл жиындар әртүрлі этнос жастары арасында өзара қатынасты нығайтуға, татулық пен бірлікті насихаттауға бағытталды. Тарқатып айтсақ, Тараз қаласында – 4, Жамбыл ауданында – 2, Байзақ ауданында – 2, Қордай ауданында – 2, Меркі ауданында 2 кездесу өтті. Тәуелсіз Қазақстан жерінде негізгі ұлт қазақтардан басқа қоян-қолтық 130 ұлт пен ұлыстың өкілдері мекендейді. Осының өзі қазақ халқымен басқа этнос өкілдері арасындағы достық пен өзара түсіністіктің, тату-тәтті өмірдің айқын көрінісі екенін нақтылайды. Өткізілген іс-шаралардың басты мақсаты – жастар арасында ұлтаралық қатынастарды одан әрі нығайту, өзара түсінушілік пен келісімді арттыра отырып, мемлекеттік тілімізді ұлықтау. Сайып келгенде, мұның өзі қазақ жеріндегі көпұлтты қоғамның араздастыққа жол бермей, бір үйдің баласындай Отанымыз Қазақстанның болашағына бірге қадам басады деген үлкен үмітке жетелейді. Жомарт ЗҰЛПЫХАР, облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар