Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Тәңірім мәңгі қолдасын!

Тәңірім мәңгі қолдасын!
ашық дереккөз
Тәңірім мәңгі қолдасын!
Желтоқсан желі ызғарлы енді болмасын, Жылынсын нұрға, ешқашан ешкім тоңбасын. Тәуелсіздік пен тыныштық мәңгі сән құрып, Еліме енді баянды бақыт орнасын. Желтоқсан желі болмасын енді ызғарлы, Мұңайтқан ұлды, жылатқан талай қыздарды. Егемендіктің көгінен сәуле төгіліп, Ерітсін түгел қайғыдан қатқан мұздарды. Желтоқсан желі болмасын енді қаралы, Әлі де содан көңілі көптің жаралы. Оқиға орнын көргенде қанға боялған, Жүректер сыздап, жанардан жастар тамады. Желтоқсан желі болмасын енді шуақсыз, Кешпесін елім өмірді мақсат, мұратсыз. Бұдан да жарқын болады біздің болашақ, Тәуелсіздікті бағалай білсек бірақ біз. Қасірет қашық, аспаны ашық елімнің, Қызыл қан емес, қызыл гүл беті жерімнің. Жақсылықтардың жаршысы болып жанса екен, Тұтанған бүгін шырағы үміт, сенімнің. Желтоқсан айы болмасын енді тұманды, Жып-жылы желі көңілден қусын күмәнді. Сеніммен басып жүрейік әрбір қадамды, Сезіммен шырқап мереке жайлы жыр-әнді. Желтоқсан желі ызғарлы енді болмасын, Нұрымыз оңып, гүліміз еккен солмасын. Бабалар аңсап, азаппен зорға қол жеткен, Азаттығымды Тәңірім мәңгі қолдасын! Бақытжан ӘЛІҚҰЛОВ, ақын
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар