Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ЕҢ ҰЛЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

ЕҢ ҰЛЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
ашық дереккөз
ЕҢ ҰЛЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
Бабалар өз өмірін сарп қылған, қазақ даласының қара түнегін жарық қылған бір нұр болса, ол – тәуелсіздік! Тәуелсіздік деген сөздің өзінің жаны бар сияқты сезіледі кейде. Өйткені ол сөз айтылған жерде өлімнің өзі алысқа қашатындай. Сосын да біздің бабалар жалаң кеудесін жалындаған отқа тосты, күймеді. Оққа тосты, тимеді. Өйткені олар осы тәуелсіздік деген бірауыз сөз үшін күресті. Бүгінгі ұрпақ осы бір қасиетті егемендік пен еркіндіктің қадіріне жетіп, аялап ұстай алса, онда бабалар үмітінің ақталғаны сол болар еді. Иә, қазіргі мынау алпауыттардың азуы көрініп тұрған дәуірде тәуелсіздігімізді қорғап, аман алып, болашаққа аманаттап кетудің өзі де біздің мойнымыздағы бірден-бір міндет деп білемін. Ол үшін халқымызға тастай берік бірлік, мұхиттай терең тыныштық керек. Шындығында, ұлт ретінде ең ұлы құндылығымыз да осы еркіндігіміз бен егемендігіміз екені анық. «Ағайын біздің тарих алтын шынжыр, әр жерден жиі үзіліп, көп жалғанған» деп Есенғали Раушанов айтпақшы, енді осы бүтінделген тарихымызды үзіп алмауға, айрандай ұйыған бірлігімізді бұзып алмауға, айнадай әсем тыныштығымыздың бетін сызып алмауға ұлт болып ұйысуымыз керек.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар