Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

СПОРТ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

СПОРТ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
ашық дереккөз
СПОРТ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Аудандық қоғамдық келісім кеңесінің ғимаратында ардагерлерге арналған шағын спорт орталығы ашылды. Оған аудан әкімі Б.Қазанбасов, аудандық мәслихаттың төрағасы Б.Ақбаев, аудандық ардагерлер, қоғамдық кеңес, келісім кеңестерінің төрағалары С.Ермеков, Ж.Құмғанбаев, Қ.Оралов, аудан ауылдарынан келген ардагерлер қатысты. Аталған орталықтың лентасын аудан әкімі Бақыт Қазанбасов пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Ермеков қиды. – Бізге осындай қамқорлық жасап, ардагерлеріміздің спортпен айналысуларына жағдай жасаған аудан басшылығына алғыс айтамыз. Ал бұл жер біздің ардагерлердің тұрақты бас қосатын орнына айналады, – деді аудандық келісім кеңесінің төрағасы Қыдыралы Оралов. Мұндай жақсы тілектерді басқа да ардагер аталар мен аналар да айтып жатты. Ал аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Ермеков аудан басшысына енді осы орталықтың ішін жабдықтауға көмектесуді сұрады. Биыл ардагерлердің сұрауы бойынша аталған ғимаратқа аудан әкімі қосымша екі бөлме қосып, іші-сыртын талапқа сай жасатып берген болатын. Сондай-ақ аудан әкімдігі ардагерлерге арнап арнайы үстелімен 3 шахмат тақтасын алып берді. Ал ардагерлер өз орталарынан қаржы шығарып, 400 мың теңгеге үлкен бильярд үстелі мен 2 таяқшасын 16 шарымен сатып алған екен. Аталған орталыққа қариялар кірген бетте аудан әкімі Бақыт Алпысбайұлы бильярд таяқшасын қолға алып, шарларды ойынға қосты. Ал аудандық ардагерлер кеңесі әлеуметтік мәселелер жөніндегі бөлімінің жетекшісі Серік Балабеков пен Сарыкемер ауылдық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Төлебай Танаев шахмат ойынын қыздырды. Екінші тақтада отырған ардагерлердің де шахматты жақсы ойнайтындықтары көрініп тұрды. Ал оларға аудандық ардагерлер кеңесі спорт, өнер және жастар бөлімінің жетекшісі Серік Кенбаев басшылық жасап жүрді. Аудан басшысы ғимарат ішіндегі аудандық ардагерлер кеңесі, келісім кеңесі, қоғамдық кеңес, аналар кеңестерінің жұмыстарымен де танысып шықты. Ғимарат дәлізіндегі әртүрлі стендтерді көріп, өзінің ұсынысын да айтты. Сүндетулла ӘБІЛОВ, Байзақ ауданы
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар