Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимылдар пысықталды

Қаржы пирамидаларына  қарсы іс-қимылдар пысықталды
ашық дереккөз
Қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимылдар пысықталды
Астанада қаржы пирамидаларының кірістерін заңдастыру кезінде қаржы секторын пайдалану тәуекелдері туралы ведомствоаралық кеңестің отырысы өтті. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі ведомствоаралық кеңесінің қатысушылары қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимылды талқылады. Кеңес жұмысына ҚНРДА, Ұлттық Банк, ІІМ, МАМ, ЦДИАӨМ, АХҚО, екінші деңгейлі банктер мен төлем ұйымдарының өкілдері қатысты. Қатысушылар қаржы пирамида­ларының қызметінен қылмыстық кіріс алу кезінде қаржы секторын пайдалану тәуекелдерін талқылады. Пікір алмасу барысында цифрлық технологиялардың дамуымен қаражат тарту схемалары жетілдірілетіні атап өтілді. Тек банктер арқылы салымшылар қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылардың пайдасына 9,3 миллиард теңгеден астам қаржы жөнелткен. Осы үрдісті ескере отырып, Агенттік екінші деңгейдегі банктермен жолға қойылған өзара іс-қимылды атап өтті. Банктердің хабарламаларының арқасында құқық қорғау органдары қаржы пирамидаларын ұйымдастырушыларға қатысты 9 қылмыстық істі тіркеді. Жалпы соңғы 2 жылда 170 қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, 277 ұйымдастырушы мен 40 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды. Салымшылардың жалпы саны 40 мың азаматты құрайды, келтірілген залал 10 миллиард теңгеге бағаланады. Агенттік өз құзыреті шеңберінде жаңалықтар порталдары мен әлеуметтік желілерде қаржы пирамидаларының белгілері бар ақпаратты іздеуді жүзеге асырады. Осының арқасында ағымдағы жылдың басынан бері осындай материалдары бар 7 мыңнан астам сілтеме бұғатталды. Әлеуметтік желілерде жазылушыларды заңсыз мазмұндағы контент туралы хабардар ету бойынша жұмыс жүргізілуде. Азаматтар «Baiqa, piramida!» телеграм-боты арқылы ұйымды сенімсіз компаниялардың тізімінде бар-жоғын тексере алады. Қазіргі заманғы технологиялар арқылы халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі жобаларды ҚНРДА іске асырудың оң әсері атап өтілді. Агенттік уәкілетті органдармен және банктермен бірлесе қаржы пирамидаларын анықтау белгілері мен типологияларын жаңартады. Тараптар табысты кейстерді одан әрі зерделеу және оларды алаяқтық әрекеттермен күресте қолдану мақсатында мүдделі органдар мен ЕДБ өкілдерінен жұмыс тобын құруға дайын екендіктерін білдірді. Кездесу соңында тараптар аталған шаралар азаматтар мен қаржы жүйесін құқыққа қарсы қызметке тартудан қорғауға мүмкіндік беретініне сенім білдірді, сондай-ақ қаржы пирамидаларының қызметін ерте кезеңде болдырмау жөнінде нақты ұсыныстар қабылдады. Ж.БАҚЫТБЕКҰЛЫ
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар