Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Облыстың инвестициялық әлеуеті жоғары

Облыстың инвестициялық әлеуеті жоғары
ашық дереккөз
Облыстың инвестициялық әлеуеті жоғары
Ұлттық Банктің деректері бойынша 2010-2020 жылдары Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны шамамен 249 миллиард АҚШ долларын құрады. Оның ішінде 75,6 миллиард АҚШ доллары мұнай-газ секторына, 42,1 миллиард АҚШ доллары металл өндіруге және металлургияны дамытуға тиесілі. Өңдеу өнеркәсібіне 39,4 миллиард АҚШ доллары немесе барлық тікелей шетелдік инвестициялардан 15,8 пайыз тартылған. Бұл ретте 2016 жылдан 2022 жылға дейін облысқа шетелдік инвесторлардан түскен тікелей инвести­циялардың жалпы көлемі 518,9 миллион АҚШ долларына тең. Бұл жалпы республикалық көлемнің 0,4 пайызын құрайды. Салалар бойынша ең үлкен үлесті тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі алды. Осы жылдың ІI тоқсанының қорытындысы бойынша облысқа 52,1 миллион АҚШ доллары көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тартылыпты. Салыстырмалы түрде алсақ, бұл көрсеткіш өткен жылдың І тоқсанында 12,8 миллион АҚШ долларын құраған екен. Қазіргі уақытта облыста шетелдік инвестор­лардың қатысумен жалпы сомасы 2,6 триллион теңгеге 10 инвести­циялық жоба іске асырылуда. Тарқатып айтсақ, «Yildirim Holding» (Түркия), «Eurochem» (РФ), «China Power International Holding» (ҚХР), «Alacem» (Сингапур), «Total Eren» (Франция) және тағы да басқа халықаралық компаниялар өңірімізде өз жобаларын жүзеге асыруда. Инвесторлар химиялық, құрылыс және жаңартылатын энергия көздері сияқты салаларда инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытуда. Жалпы алғанда, осы жылдың 10 айын­да өңірге 365 миллиард теңге инвес­тиция құйылған. Биыл облыстың эко­но­микалық көрсеткіштері оң динамикаға ие болды. Бізде жалпы өңірлік өнімнің (ЖӨӨ) көлемі 6,1 пайыз­ға өсіп, 1,3 триллион теңгеге жетті. Мысалы, байланыс қызметі 8,1 пайызға, құрылыс 11,1 пайызға, сауда 2,6 пайызға артты. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 0,6 пайызға ұлғайып, 695 миллиард теңге болды. Ондағы басым үлес өңдеу өнеркәсібіне тиесілі, яғни 71 пайыз. Тау-кен метталургия 17,1 пайызға, химия өнеркәсібі 7,3 пайызға, жеңіл өнеркәсіп 5,8 пайызға, құрылыс индустриясы 0,6 пайызға өсті. Биыл 10 айда өңірге шамамен 365 миллиард теңге инвестиция құйылған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12 пайызға артық. Бүгінде облыстың инвестициялық портфелінде жалпы көлемі 2,3 триллион теңге болатын 69 жоба бар. Оларды 2026 жылға дейін іске асыру жоспарланған. 2023 жылы 87 миллиард теңгеге 20 жоба іске асырылады Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев кедергілердің алдын алуға, инвестиция тарту бойынша тиімділікті арттыруға ниетті. Сондықтан аймақ басшысының бастамасымен «бір терезе» қағидаты іске қосылды. Аудан әкімдері үшін жаңа «KPI» жүйесі енгізілді. Бұл олардың жұмысының тиімділігін инвестиция тарту көрсеткіші бойынша бағалауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ірі жоба­­лар­дың негізінде кластерлерді қалыптастыруға баса назар аударылады. Нәтижесінде жергілікті шағын және орта бизнестің қатысуымен қосалқы өндірістерді дамытуға жағдай жасалады. Нақтырақ айтқанда, бой көтеріп жатқан зауыттардың маңында шағын және орта өндірістер құру жоспарлануда. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде 24,5 миллиард теңгеге 2,1 мың жобаға қолдау көрсетілген. Ал шағын орта бизнес санында 25,5 пайыз өсім байқалса, онда жұмыспен қамтылғандар саны 23,6 пайызға, шағын орта бизнес субъектілерінің өнімдері мен қызметтерінің көлемі 22 пайызға көтерілген. Сонымен қатар облыста жаңар­тылатын энергия көздері жобаларына басымдық беріліп отыр. Бұл сала бойынша өңіріміз республика бойынша алдыңғы қатарда. Өңірде жалпы қуаты 451,3 МВт болатын 21 ЖЭК нысаны жұмыс істеп жатыр. Осы ілкімді істердің жүзеге асуына инвестиция саласында қолға алынған бастамалардың арқау болғанын айта кетуіміз керек. Ақтоты Жаңабай
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар