Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ӨҢІР ДИҚАНДАРЫНА ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕНДІ

ӨҢІР ДИҚАНДАРЫНА ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕНДІ
ашық дереккөз
ӨҢІР ДИҚАНДАРЫНА ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕНДІ
Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек «Су тапшылығы салдарынан зардап шеккен шаруаларға төтенше резервінен өтемақы төлеу» тақырыбында баспасөз мәслихатын өткізді. Брифингте Қанатбек Қайшыбекұлы жаз айларында орын алған суармалы су тапшылығы мен құрғақшылық салдарынан зардап шеккен өңір шаруаларының толығымен өтемақы алғанын айтты. Спикердің айтуынша, суармалы су тапшылығы, құрғақшылық салдарынан зардап шеккен 358 ауылшаруашылық тауарын өндірушіге шығындарын өтеп беру үшін төтенше резервінен 2,7 миллиард теңге мөлшерінде өтемақы қаралып, қаржы арнайы құрылған комиссияның зерттеп, зерделеуінің нәтижесінде зардап шегушілерге төленген. – Өңірлік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан суармалы егістік алқаптарындағы 9 мың гектардан астам жерге егілген өнім су тапшылығы мен құрғақшылықтан зардап шегіп, өнім бермеді. Осыған байланысты облыс шаруаларына келтірілген шығынды өтеу үшін ҚР Үкіметінің қаулысы негізінде төтенше резервінен 3,7 миллиард теңге бөлу туралы шешім қабылданған болатын. Нәтижесінде арнайы құрылған комиссия зардап шеккен егістік алқаптарын аралап, шаруалардың ұсынған растайтын құжаттары бойынша өтемақы төленетін тізімге 358 шаруа қожалығы енді. Сөйтіп, төтенше резервінен 2,7 миллиард теңге өтелді. Ал бөлінген 3,7 миллиард теңгенің 890 миллион теңгесі ауылшаруашылық тауарын өндірушілер тарапынан растайтын құжаттарды ұсынбауы, кейбір жағдайларда құжаттардың сәйкес келмеуі себебінен мемлекеттік бюджетке қайтарылды, – деді Қанатбек Қайшыбекұлы. Сондай-ақ өтемақыдан бас тартқан шаруалар да болған. Атап айтар болсақ, Жамбыл ауданынан 6 шаруа қожалық тиісті құжаттарды ұсынбаған. Ал байзақтық 2 шаруа өтемақы алудан бас тартса, Меркі және Байзақ ауданының 3 шаруа қожалығы субсидиялар бөлінген дақылдардан басқа дақыл түріне субсидия беруді талап еткен. Бұл ретте өзге дақылдар бойынша субсидия алынған. Сонымен қатар қордайлық 9, байзақтық 4 шаруа қожалығы талаптарға сай келмеуі, яғни жерге меншік құқығын растайтын құжаттардың болмауына байланысты өтемақыға қол жеткізе алмаған. Арнайы комиссия Меркі және Т.Рысқұлов ауданының 6 шаруа қожалығына өз ұңғымаларының болуы себебінен және Талас ауданының 1 шаруашылығына «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен келісімшарттың болмауына байланысты өтемақы беруден бас тартқан. Шапағат ӘБДІР
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Алтын қолды аспаз
Алдыңғы мақала
Алтын қолды аспаз

Ұқсас жаңалықтар