Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ҮШІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫС жайлы қауесет

ҮШІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫС жайлы қауесет
ашық дереккөз
ҮШІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫС жайлы қауесет
Әлеуметтік желілерде үшінші дүниежүзілік соғыс алдын ала айтылған деген ақпарат тарады. Бұған дәлел ретінде 25 жылдан астам уақыт бұрын шыққан «Иллюминаттар: жаңа әлемдік тәртіп» үстел ойынындағы карточканың суреті келтірілген, онда географиялық картаның бөлігі – Таяу Шығыс елдері бейнеленген. Бұл – фейк. «Иллюминаттар: жаңа әлемдік тәртіп» ойыны Таро карталарының колодасына ұқсайды. Ондағы суреттер «Иллюминатус» трилогиясынан алынған – бұл 1975 жылы қастандық теорияларына, сиқырларға және балама діндерге қатысты сатиралық роман. Осы кітап шыққаннан кейін, 1981 жылы «Steve Jackson Games» романға негізделген үстел ойынын шығарды. Ал 1994 жылы ол карта ойнауға әуес жандарға «Жаңа әлемдік тәртіп» деп аталатын колода жасады. Осы колодадағы «Эпидемия», «Пентагон» және «Теракт» сияқты карталар бірнеше рет қастандық теориясы туралы фейктерге негіз болып, фактчекерлермен әшкереленген. Компанияның иесі және ойын авторы Стив Джексон «DRAGON Magazine» журналына берген сұхбатында жалпы қастандық теорияларына, атап айтқанда, иллюминаттарға ешқашан сенбегенін, бірақ «оларды өте қызықты деп табатынын» айтқан. Сондай-ақ ол жасалған карталарды сәуегейлік деп санамайтынын және оларды жасаған ешқандай құпия мағына болмағанын мәлімдеді. Конспирологиялық сатиралық роман шабыт алу үшін ғана пайдаланылған, ал ойын карталарын жасау идеяларын британдық энциклопедиядан бастап андеграунд комикстер жинағына дейінгі көптеген дереккөздерден алынды. Стив Джексон: «Мен оқыған барлық мате­риалдардың ішінде басқаларға қарағанда шындап жазылса да ойға қонымсыз теориялар айтыл­ған мақалалар қызықты болды. Мұндай ойынды ойнаған қызығырақ болатыны анық», деп түсіндірді. Бүгінде коллекциялық болып саналатын және интернет-аукциондарда сатылатын бұл колодада «Үшінші дүниежүзілік соғыс» деп аталатын карта бар. Бірақ іс жүзінде онда жарылыс бейнелеген. Ал қазір әлеуметтік желілерде таралған хабарламада автор соғыстың «болжанғаны» туралы фейк ақпарат жасау үшін графикалық редактормен жарылыстың суретін Израиль, Палестина, Сирия, Ирак, Сауд Арабиясы, Мысыр және тағы басқа аумақтары көрсетілген картамен алмастырған. Бұл географиялық картаның түпнұсқасын әртүрлі сайттардан, соның ішінде мектеп оқушыларына арналған онлайн оқулықтан көруге болады. Демек, таралған кескін екі мәрте фейк болып табылады. Біріншіден, үстел ойынын жасаушылар оған құпия мағына бермеген немесе болжам жаса­маған. Олар ойын жасау үшін әртүрлі қастандық теор­иялары мен комикстердегі идеяларды жинаған. Екіншіден, бұл ойын колодасында Таяу Шығыс елдері бейнеленген карта жоқ. Таралған хабарламадағы бұл сурет жалған. Жасұлан Сейілханов
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар