Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Біртұтас тәрбие бағдарламасы – іс жүзінде

Біртұтас тәрбие бағдарламасы –  іс жүзінде
ашық дереккөз
Біртұтас тәрбие бағдарламасы – іс жүзінде
Мектеп – тәрбие мен білім ордасы. Осы орайда білім саласында уақыт талабына сәйкес жаңа реформалар жүзеге асырылуда. Соның бірі – биылғы жаңа оқу жылынан бастап енгізілген біртұтас тәрбие бағдарламасы. Біртұтас тәрбие бағдарламасы «Ұлттық міндет», «Ар-ұят», «Талап» деген үш құндылыққа негізделген. Аталған жаңалықты педагогтар мен ата-аналарға таныстыру мақсатында Ыбырайым Сүлейменов атындағы орта мектепте семинар өткізілді. Педагогтар мен ата-аналар да біртұтас тәрбие бағдарламасын жақсы қабылдады. Аталмыш бағдарламаның үш құндылығы негізінде жылдық тәрбие жоспары құрылды. Жоспар бойынша ата-аналарды педагогикалық-психологиялық қолдау, педагогикалық ақпараттандыру мақсатында мектепте ата-аналарды қолдау орталығы ашылды. «Даналық мектебі», «Аналар мектебі», «Әкелер мектебі» құрылды. Білім алушыларды ата-аналармен бірігіп тәрбиелеу мақсатында «Әке көрген – оқ жонар...» тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағаттарында әкелер балаларына тәрбие беру әдістері жайында ойларын бөлісті. Сонымен қатар ситуациялық тапсырмаларды орындап, балаларға жастай дұрыс тәрбие берудің маңызды екендігін түсінді. «Отан – отбасынан басталады...» дегендей, баланың бас ұстазы ата-анасы екендігін ұғынды. Біртұтас тәрбие бағдарламасының ұстанымын тек сынып жетекшісі мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының ғана міндеті емес екендіктеріне көз жеткізді. Ұлттық тәрбиенің аясын кеңейту, Абайдың «Толық адам» ұстанымын өрістету баршамыздың алдымыздағы үлкен жауапкершілік екенін біле жүрейік. Самат Арын, Ыбырайым Сүлейменов атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Сарысу ауданы
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар