Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жайдарлы жастар жасындай жарқылдады

Жайдарлы жастар жасындай жарқылдады
ашық дереккөз
Жайдарлы жастар жасындай жарқылдады
Бүгінде жалынды жастарымыздың басын қосқан «Jaidarman» әзілқойлар мен тапқырлар сайысы жастарымыздың сүйіп көретін және сүйсіне ойнайтын әзіл алаңына айналды. «Jaidarman» қазіргі таңда телеарнада көрсетіліп, көптің ықыласына бөленіп жүрген ерекше жобалардың бірі болып табылады. Көптеген адамдардың жүрегіне жол таба білген бұл ойынның ең басты ерекшелігі – өз шығармашылығына өмірдегі, саясаттағы, жалпы қоғамдағы болып жатқан құбылыстарды өзек етуінде және де халықтың заманауи сұранысының талаптарына сай болуында. Осы орайда Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің қолдауымен М.Өзбеков атындағы мәдениет үйінде облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының кубогы үшін облыстық «Nomad» Премьер-лигасының финалдық ойыны өтті. Аталған «Nomad» Премьер-лига ойындары облыс көлемінде 2 ай қатарынан әртүрлі ауданда көшпелі түрде өткізіліп келген болатын. Сол ойындардан ақтық финалға ерекше әзілдерімен суырылып шығып, жолдама алған 7 команда арасында өзара сайыс болды. Сайыстың жалпы жүлде қоры 600 мың теңгені құрады. Cайыста жайдарманшылар көрерменді күлкіге қарық қылып, әдемі ойын көрсетті. Орнымен айтылған қазақы қалжыңдар көптің көңілінен шықты. Әр команда сахнада өздерін өте еркін ұстады. Әрбірінің әзілінің астарында қоғамдағы түйдек-түйдек мәселелердің ізі көрінді. Жайдарлы жастардың ойынына залдағы көрерменнің ықыласы ерекше болды.Тапқырлы жастар әдемі қалжыңмен әзілдің астарына қоғамның келеңсіз жайттарын ұтымды айтып, өрелі өнер көрсете білді. Қазылар алқасының шешімі бойынша, биылғы «Аказаки» командасының ойыншысы Темірлан Қапышев «Nomad» Премьер-лига ойынының «Үздік ойыншысы» номинациясын иеленіп, 50 000 теңгелік сертификатпен марапатталды. Жүлделі III орынды Құлан агротехникалық жоғары колледжінің «Теханго» және Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Шерхан жастары» командалары иеленді. Екі командаға да 100 000 теңгелік сертификат табысталды. II орынға «Метеорит» командасы лайық деп танылып, 200 000 теңгелік сертификатымен марапатталды. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Бренд-Тараз» командасы I орын тұғырынан көрініп, 250 000 теңгелік сертификатқа ие болды. Ақтоты Жаңабай
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар