Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ПЕДАГОГТАРДЫ АТТЕСТАЦИЯЛАУ ЖЕҢІЛДЕЙДІ

ПЕДАГОГТАРДЫ АТТЕСТАЦИЯЛАУ ЖЕҢІЛДЕЙДІ
ашық дереккөз
ПЕДАГОГТАРДЫ АТТЕСТАЦИЯЛАУ ЖЕҢІЛДЕЙДІ
Енді педагогтардың кәсіби деңгейі мен жетістігі оқушылардың қол жеткізген нәтижелерімен тікелей бағаланады. Педагогтарды аттестациялаудың жаңартылған жүйесі пилоттық режимде келесі жылдың қаңтар айында басталады. Яғни аттестациялау жүйесіне өзгерістер енгізіледі. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев жүйенің қалай өзгеретінін түсіндіріп берді. ЖАҢА ЕРЕЖЕНІҢ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ НЕДЕ? Комитет төрағасының айтуынша, жаңа ереже бойынша аттестаттаудың мақсаты – педагогтардың үздіксіз кәсіби біліктілігін арттыру. Яғни бұрынғы жүйе бойынша педагогтар қағаз немесе электронды форматта 11 құжат жинайтын болса, жаңа жүйе бойынша педагогтар құжат жинап қиналмайды. Құжат автоматты түрде жинақталады. Сонымен қатар құжаттарды қарау мерзімі қысқарады. Бұрын 6 айға дейін созылатын процесс қазір автоматты түрде қалыптасады. – Жаңа ереженің басты ерекшелігі – аттестаттау процесін автоматтандыру, яғни бірыңғай ақпараттық жүйені құру. Педагогтың жеке құжаттары мен біліктілік деңгейін қысқа мерзімде қорытындылайтын ақпараттық жүйеде тиісті материалдар автоматты түрде жинақталып, талданады. Бұл адами факторды толығымен шектейді. Аттестаттау рәсімінде объективтілік пен ашықтықты орнатуға ықпал етеді. Жоспарланған жаңа өзгерістер бойынша, педагог қызметінің жоғары кәсібилігі мен табыстылығы оқушылардың жетістіктерімен тікелей байланысты болады. Аттестаттауды тестілеу рәсімін жетілдіру, біліктілік санатына байланысты жоғары, орта, төмен деңгейдегі тапсырмалардың пайыздық арақатынасын кезең-кезеңімен арттыра отырып, педагогтардың пәндік білімін бағалау жоспарланып отыр, – дейді Қаныбек Жұмашев. ҚАҒАЗБАСТЫЛЫҚ ЖОЙЫЛАДЫ Педагогтардың үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасында педагогтар тәжірибесінің жетістіктерін қалыптастыру әзірленген. – Деректер базасымен интеграциялау арқылы платформада педагогтардың материалдары жүйелі түрде қалыптасады. Педагог платформадағы жеке кабинеті арқылы өтінішті өз бетінше береді. Тағы бір тоқтала кететін өзгеріс – педагог тек пән бойынша тест тапсырады. Тесттен әдістеме мен педагогиканы білуге арналған сұрақтар алынып тасталады. Өйткені осы бағыттағы сұрақтар мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің деңгейін объективті бағалауға мүмкіндік бермейді. Мұғалімнің әдістемені қаншалықты меңгергенін анықтау үшін жалпы мұғалімнің сабағы мен педагогикалық практикасын бағалау критерийлері жасалды, – деді комитет басшысы. Қаныбек Жұмашевтің сөзінше, педагог бейінінде мәліметтер Ұлттық білім беру деректер қорынан және тағы да басқа барлық белгілі деректер базаларынан автоматты түрде жинақталады. Педагогтардың негізгі бейінінен жеке мәліметтерін, оқыту сапасының мониторингін, тәжірибені бақылауын, білім алушылардың, педагогтың жетістіктерін, үздік педагогикалық тәжірибелерін көруге болады. Педагогтың үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасында педагогтарға белсенділігі немесе белсенді емес екендігі бойынша ескертпелер келіп тұрады. Бұл өз кезегінде әрбір педагогке жеке жауапкершілікті сезіндіреді және ашықтықты қамтамасыз етеді. Бұл да педагогты қағазбастылықтан арылтады. ҚАШАН ІСКЕҚОСЫЛАДЫ? Барлық өңірде «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының аймақтағы филиалының қызметкерлері мен әдістемелік орталық өкілдерімен және педагогтармен кең ауқымда талқылау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қараша айында министрдің бұйрығымен жаңа ереже бекітіледі. Платформаны техникалық жасақтау бойынша жұмыстар басталған. 2024 жылдың қаңтар айында ШҚО, БҚО, СҚО, Түркістан облыстарында пилоттық режимде платформа іске қосылады. Пилоттық жобаны іске асыру қорытындылары бойынша платформаны республика көлемінде енгізуге дайындық қамтамасыз етіледі. Педагогтарды аттестаттаудың жаңа ережесінің жобасын әрбір мұғаліммен мұқият талқылап, оның артықшылықтарын жеткізу – министрліктің, барлық білім басқармаларының, білім бөлімдерінің және әдістемелік орталықтардың ортақ міндеті.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар