Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ– ЕЛГЕ ҚҰРМЕТ

ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ– ЕЛГЕ ҚҰРМЕТ
ашық дереккөз
ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ– ЕЛГЕ ҚҰРМЕТ
Тіл – егемен еліміздің қуатты құралы, халқымыздың негізі, ұлттық руханиятымыздың діңгегі. Еркіндікті аңсаған бабамыз тізесінен сүрінсе де, тілінен сүрінбеген. Ұлы жазушы Шыңғыс Айтматов: «Халықтың мәңгі ғұмыры – оның тілінде. Әрбір тіл өзінің халқы үшін ұлы»-деген екен. Мемлекеттік тілде сөйлеу, жазу, оның шұрайлы тілін, қуатты күшін жете білу – біздің басты парызымыз. Осы орайда, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлері мемлекеттік тілді жыл сайын меңгеруде. Мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес,  «5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күнін және Ұлт ұстазы, тіл білімінің атасы, алаш қайраткері А. Байтұрсынұлының туған күнін атап өту жөніндегі іс-шаралар жоспарын» әзірлеп, 2023 жылғы 5-14 қыркүйек аралығында іс-шаралар апталығы өтті. Оның барысында «Өмір жолы» атты А. Байтұрсынұлы жайында түсірілген деректі фильмді тамашалады. «Ұлттың ұлы ұстазы» тақырыбында кеш өткізіліп, тіл жанашырлары марапатталды. Қызметкерлер арасында «Мен қазақ тілін үйреніп жүрмін» акциясы көрініс тапты. Акцияға қатысушылар төсбелгі тағып жүреді. Өз кезегінде айналасындағылар ол адаммен қазақ тілінде сөйлесуге, қолдау көрсетуге және кеңес беруге тырысуға тиіс. Аталған іс-шаралар жалғасатын болады. Халқымыздың біртуар перзенті Мағжан Жұмабаев: «Осы күнгі түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, оралымды, терең тіл жоқ» - деп тіл жайында толғанған. Мәңгілік елге айналу үшін еліміздің бөлінбес бөлшегі тіліміздің мәңгілік өмір сүруіне үлкен үлес қосып, қадірлеу, жауапкершілікпен қарау – біздің міндетіміз.   ТҰРЛЫҒҰЛ И.А., ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің аударма редакторы  
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар