Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Сарысу ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша бірқатар сала мамандарымен кездесу өтті

Сарысу ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша бірқатар сала мамандарымен кездесу өтті
ашық дереккөз
Сарысу ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша бірқатар сала мамандарымен кездесу өтті
«Адалдыққа бір қадам» акциясы бойынша Сарысу ауданына жұмыс сапарымен барған Департаменттің Превенция басқармасының басшысы Қ.Байгебаев білім және денсаулық сақтау салаларының мамандарымен кездесті. Тұрғындар арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша жемқорлық тәуекелдері басым сала ретінде денсаулық сақтау және білім салалары көрсетілген. Білім саласының қызметкерлерімен өткен кездесуде Қайрат Оразбекұлы білім саласында кездесетін жемқорлық тәуекелдерінің алдын алудың маңыздылығына тоқталды. Сыбайлас жемқорлық қарсы мәдениет қалыптасқанда ғана аталған дерттің алдын алуға болатынын жеткізді. Денсаулық сақтау саласы мамандарымен кездесу барысында тұрмыстық жемқорлықты жою керектігі, жемқорлық үшін жаза күшейтілгендігі туралы айтылды. Сонымен қатар, аудан кәсіпкерлерін жеке қабылдау ұйымдастырылды. Сонымен қатар, аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында волонтер-заңгерлердің қатысуымен тегін консультациялық кеңес беру акциясы өткізілді. Онда сот орындаушы, адвокат, нотариус, заңгер мамандар келушілерге жиі көтерілетін өзекті мәселелер бойынша кеңес берді.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар