Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Бақытты отбасының моделі

Бақытты отбасының моделі
ашық дереккөз
Бақытты отбасының моделі
Бақытты отбасы – әр отбасы мүшелерінің бір-біріне деген кіршіксіз махаббатына ие түсінік. Алайда «Отбасы» атты кішкентай ғана Отанды сүйіспеншілікпен қалыптастыру оңай емес. Жанұядағы кішігірім ұрыстардың өзі баланың ой-өрісіне, санасына айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Сондықтан аталмыш мәселелер туындамау үшін және бала мен ата-ана арасындағы түсіністік пен махаббатқа толы қарым-қатынас орнату үшін қоғам болып жол көрсеткен абзал. Бұл жайт қоғамдағы ең маңызды мәселе болуы керек. Осы тұста Жуалы ауданында «Отбасы тұрақтылығы, өзара қарым-қатынас пен некені сақтаудың маңыздылығы» тақырыбында шеберлік сабағы өтті. Онда ажырасудың алдын алу жайы талқыланды. Мәселен, өткен жылы он екі ай ішінде Қазақстанда 128,5 мың жұп шаңырақ көтерсе, 17,7 мың отбасы ажырасқан. Жыл соңына дейін биылғы сандық дерек енді белгілі болар. Десе де қазіргі жағдай көңіл көншітпейді. Сонда да болса көкейде ажырасу фактісі былтырғыға қарағанда төмен болса екен деген тілек тұр. Шеберлік сағатына психологтар да қатысып, оқушылармен ой бөлісті. Әрі балалармен отбасы, отбасылық дәстүрлер және баланы тәрбиелеу мен дамытудың маңызы туралы әңгімелесті. Мақсат – отбасында ұрпақтар арасында достық, мейірімді қарым-қатынас орнатуға ықпал ету, отбасылық құндылықтарды құруға деген қызығушылығын арттыру. Әрине, сүйіспеншілік пен сенім, өзара көмек пен құрмет, түсіністік пен мейірімділік сияқты ережелер қазіргі әлемнің негізгі отбасылық құндылықтары болып қала береді. Алайда әртүрлі сыртқы факторлардың қысымымен отбасылық құндылықтар біртіндеп артта қалып, білімге, мансапқа, кірісті арттыру жолдарын іздеуге басымдық береді. Бұл балаларды екінші дәрежелі нәрсе ретінде қабылдауға әкеледі. Біржақты тәрбие байқалатын толық емес отбасылардың саны артып келеді. Отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді қалыптастыру мүмкіндіктерін кеңейту керек дегенді жеткізген ұйымдастырушылар алдағы уақытта да мұндай маңызы бар іс-шаралар дәстүрге айналатынын жеткізді. Айта кетейік, іс-шараны «Елу жылда – ел жаңа» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Нұрым Сырғабаев
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар