Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Волонтерлер қозғалысының тірлігі тындырымды

Волонтерлер қозғалысының тірлігі тындырымды
ашық дереккөз
Волонтерлер қозғалысының тірлігі тындырымды
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыс бойынша департаментінің жанындағы «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органының кезекті отырысы өтті. Басқосуда алдымен «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органының жаңа мүшелері таныстырылды. Мұнан соң мемлекеттік қызметшілерден құралған «Руханият» волонтерлер қозғалысының ағымдағы жылы атқарған жұмыстарының нәтижелері және келер жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы қозғалыс жетекшісінің баяндамасы мен облыстағы волонтерлер қозғалысының ағымдағы жылы атқарған жұмыстарының нәтижелері туралы есебі тыңдалды. «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органының қызметі – мемлекеттік қызметшілердің, азаматтардың, әсіресе жастардың, студенттер мен оқушылардың ерікті қызметке қатысуын кеңейту, оларға белсенді өмірлік ұстаным дағдыларын қалыптастыру. Сонымен қатар осы бағытқа жас мемлекеттік қызметшілерді тарту көзделген. Бұған қоса мемлекеттік қызметшілер арасында еріктілер қозғалысын құрып, өздерінің осындай іс-әрекетімен, яғни көшелерді көгалдандыруға, табиғат орындарын тазартуға, қан донорлығына және басқа да іс-шараларға белсенді қатысу арқылы еріктілер қозғалысының қатарын кеңейтуге үндейді. Агенттіктің аумақтық бөлімшелері жанындағы «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органдары мемлекеттік қызметшілер арасында еріктілер қозғалысын үйлестіру, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің ерікті бастамаларын және осы саладағы заңнама талаптарының үйлесімдігін қамтамасыз ету де көзделген. Департамент жанынан құрылған «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органы мемлекеттік қызметшілер арасында еріктілер қозғалысын үйлестіруді, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің ерікті бастамаларын және осы саладағы заңнама талаптарының үйлесімдігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды атқарады. Осы жылдың қазанында мемлекеттік қызметшілерден еріктілер қозғалысы құрылып, қозғалыс мүшелерінің дауыс беру нәтижесі бойынша, қозғалыстың жетекшісі ретінде облыс әкімі аппаратының инфрақұрылымды дамыту бөлімінің бас инспекторы Жансерік Аманбайұлы айқындалған. Сонымен қатар еріктілер қозғалысына «Руханият» атауы берілген. «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органы биылғы маусым айында құрылса, бүгінгі күнге дейін «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органының және «Руханият» волонтерлер қозғалысының мүшелері ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қайырымдылық іс-шарасын өткізіп, абаттандыру және санитарлық тазалау, киелі табиғат орындарында сенбілік ұйымдастыру, қан тапсыру сынды 20-ға жуық игі істі атқарды. Алдағы уақытта атқарылатын тиісті жұмыс жоспары құрылған. Аталған жоспарға сәйкес кеңес отырысы ұйымдастырылып, жұмыстар жүргізілетін болады. Айжан Өзбекова
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар