Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«ЖАМБЫЛТАНУ» ЖАСТАРДЫҢ БАСЫН ҚОСТЫ

«ЖАМБЫЛТАНУ» ЖАСТАРДЫҢ БАСЫН ҚОСТЫ
ашық дереккөз
«ЖАМБЫЛТАНУ» ЖАСТАРДЫҢ БАСЫН ҚОСТЫ
Дүниежүзілік Жастар күніне орай Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының «Жамбылтану» бөлімінің ұйымдастыруымен «Біз жанбасақ лапылдап» атты зиялы қауым өкілдерімен жастардың кездесуі өтті. Іс-шараны «Жамбылтану» бөлімінің мәдени жұмыстарын ұйымдастырушысы Гүлгаухар Құрманәліқызы жүргізді. Ал алғашқы құттықтау сөзді сөйлеген ҚР Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Жамбылтану» бөлімінің меңгерушісі Көсемәлі Сәттібайұлы жастарды оқуға, жаңашыл болуға шақырды. Сондай-ақ студент жастардың сұрақтарына жауап беріп, қоғамда қазақ тілінің мәртебесін асыру, ұлттың ертеңі жастардың қолында екенін айтып, өз ойларын ортаға салды. Шараға шақырылған қонақтардың ішінде облыстық жасөспірімдер үйінің педагог-тәрбиешісі Жанат Сарыбаева, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, «Ақпарат саласының үздігі» Бақытжан Советұлы, ақын Ербол Қамбатыров, «Асыл арман» ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, психолог, ақын Марал Хантөреқызы, ақын, «Aq jol» газетінің бөлім меңгерушісі Нұржан Қадірәлі және «АR-AI» жастар газетінің тілшісі Шапағат Әбдірұлы жастарға өздерінің шығармашылығымен бөлісті. Облыстық жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Ұлжан Каленова жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалармен таныстырып, көптеген пайдалы ақпаратпен бөлісті. Жастар ісі жөніндегі маман Дархан Байпақ да өзінің ойын ортаға салды. Сонымен қатар Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының мамандары, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының студенттері және Тараз гуманитарлық-техникалық колледжінің ұстаздары сөз сөйлеп, дүниежүзілік Жастар күніне орай өткізілген кездесудің маңызы зор екенін атап өтті. Кездесу соңында қонақтар мен студенттер Алғыс хаттармен марапатталып, естелікке суретке түсті. Ш.Әбдірұлы
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар