Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«РАҚМЕТ САҒАН, ТУҒАН ЕЛ!»

«РАҚМЕТ САҒАН, ТУҒАН ЕЛ!»
ашық дереккөз
«РАҚМЕТ САҒАН, ТУҒАН ЕЛ!»
Тараз қаласындағы «Достық» үйінде Әуезхан Салабековтің шығармашылығына арналған «Рақмет саған, туған ел!» атты облыстық ән байқауы өтті. Қазақ ән өнерінде өзіндік ерекше қолтаңбасы бар, лирикалық тебіреніспен ізденетін шығармашыл жанның бірі – әнші-сазгер, Мәдениет саласының үздігі Әуезхан Салабековтің қазақтың ән өнеріне қосқан үлесі зор. Әулиеата ән мектебі әндерімен әрленіп, өзіндік қолтаңба қалыптастырған өнер иесі. Сондықтан да облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен облыстық халық шығармашылығы орталығының 65 жылдығына орай ұйымдастырылған ән байқауы композитор Әуезхан Салабековтің құрметіне арналды. Аталған кешке облысымыздың 10 ауданы мен Тараз қаласынан келген жас әншілер қатысып, бағын сынады. Ал кеш шымылдығын облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай құттықтау сөзімен ашып берді. – Тыңдарманның жүрегінен ерекше орын алатын әуезді әуенімен ерекшеленіп, барша әнсүйер қауымның ықыласына бөленіп, алдыңғы буынның жолын ұстанып, дала баласынан сахна саңлағына айналған Әуезхан Салабековтің шығармашылығына арналған «Рақмет саған, туған ел!» облыстық ән байқауына қош келдіңіздер! Әуезхан ағамыз бүгінде қазақ ән өнерінің көш-керуенін өзіндік сән-салтанатымен байытып келе жатқан саңлақтарымыздың бірі. Қазіргі таңда қазақ ән әлемінде ағамыздың жолын қуып, үлгі-өнегесімен қаруланған шәкірттері де жетерлік. Бүгін сол өнерлі ұл-қыздардың өнерін тамашалап, оларға әділ бағасын бересіздер деп сенемін, – деді Е.Жүнісбай. Аталған ән байқауы қазылар алқасының құрамында әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асылхан Шүңіреков, әнші-композитор, ҚР Мәдениет саласының үздігі Әуезхан Салабеков және әнші, ҚР Мәдениет саласының үздігі Маралбек Бабақұлов болды. Байқаудың нәтижесі бойынша бас жүлдені Сарысу ауданынан келген Мөлдір Мұсаева жеңіп алса, І орынды мойынқұмдық Ақжан Мәмбетәлиев, ІІ орынды Байзақтан келген Мейірім Хамзина, ал ІІІ орынды Сарысу ауданынан келген Мейіржан Омаров пен таластық Ерген Әзімхан өзара бөлісті. Қалған әншілер ынталдандыру сыйлығын қанағат етті. Шапағат Әбдір
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар