Жаңалықтар
МЕКТЕПТЕГІ УЛАНУ: 12 ТҮРЛІ ТАҒАМНЫҢ ІШІНЕН ІШЕК ТАЯҚШАСЫ БАКТЕРИЯЛАРЫ ТАБЫЛДЫ
- author AR-AY
- 20 қараша, 2023
- 159
МЕКТЕПТЕГІ УЛАНУ: 12 ТҮРЛІ ТАҒАМНЫҢ ІШІНЕН ІШЕК ТАЯҚШАСЫ БАКТЕРИЯЛАРЫ ТАБЫЛДЫ
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясындағы тамақтан улану жағдайы бойынша санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментінің қорытындысы шықты деп хабарлайды Jambylinfo.kz Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылындағы мектепте адамдардың тағамнан улану дерегі бойынша полиция департаментімен Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 304 бабы 1 бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жамбыл облысының санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментінің алғашқы лабораториялық зерттеу қорытындысына сәйкес алдын ала болжам бойынша 12 түрлі тағам өнімінің ішінен ішек таяқшасы тобының бактерияларына оң нәтиже көрсетілді. Толық сараптама қорытындысы ағымдағы жылдың 21 қарашадан соң белгілі болады.Қазіргі таңда тексеру жалғасуда- деп мәлімдеді Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облыстық ПД баспасөз хатшысы.
Еске салайық, жетінші қараша күні мектеп асханасында түскі ас ішкен 48 адам тамақтан уланған . Екеуі ересек, қалғаны — балалар. Балалардың көбі – 7-10 жас аралығындағы оқушылар.
Келесі мақала
Балаларға арналған қарапайым ережелер
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Жуалы ауданына қарасты екі ауылда медициналық пункт пайдалануға берілді
- авторAR-AY
- 13 желтоқсан, 2024
Жаңалықтар
Енді eGov Mobile қосымшасы арқылы шетелден тауарға тапсырыс беруге болады
- авторAR-AY
- 13 желтоқсан, 2024