Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

БЮДЖЕТКЕ БӨЛІНГЕН ТРАНСФЕРТТЕР

БЮДЖЕТКЕ БӨЛІНГЕН ТРАНСФЕРТТЕР
ашық дереккөз
БЮДЖЕТКЕ БӨЛІНГЕН ТРАНСФЕРТТЕР
Қазақстанда жылдық инфляция 10,8 пайызға дейін баяулады. Бұл жайлы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Данияр Вагапов айтты. Дегенмен бағаның өсуі екі таңбалы мәнде қалып отыр. Айлық инфляция өткен айдың деңгейінен және таргеттен жоғары қалыптасып, 0,7 пайызды құрады. Бұл инфляцияға қарсы саясатты одан әрі жалғастыруды талап етеді. Аталған банк өкілінің айтуынша, жылдық инфляция баяулағанына қарамастан, айлық және базалық инфляция таргеттен жоғары деңгейде қалып қойған. Мәселен, азық-түлік тауарлары құрылымында қазан айында жұмыртқа, нан, жарма, қант және тәттілер, жаңа піскен жемістер мен ет бағасы өскен. Ал ірімшіктің, жаңа піскен көкөністер мен күнбағыс майының бағасы арзандаған. – Азық-түлік инфляциясы жылдық мәнде 10,4 пайызға дейін баяулады. Ал оның айлық мәні өткен айдағы 0,3 пайыздан 0,5 пайызға дейін қарқын алды. Қазан айында азық-түлікке жатпайтын инфляция жылдық мәнде 11,1 пайызға дейін баяулады. Айлық мәнде өсім 0,8 пайызды құрады, – дейді Д.Вагапов. Қазан айында азық-түлікке жатпайтын өнімдер: аудиовизуалды жабдықтар, отын, дәрі-дәрмек пен медициналық жабдықтар, киім-кешек пен аяқкиім бағасы өссе, тұрмыстық заттардың, жуу және тазалау құралдарының бағасы керісінше түскен. Қазан айында ақылы қызметтер инфляциясы жылдық мәнде 11 пайызды құрап, айлық инфляциясы 0,8 пайыз болған. Ақылы қызметтер арасында тұрғын үйді жалға беру қызметінің, шаштараз бен жеке қызмет көрсететін мекемелердің, қоғамдық тамақтану, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерінің бағасы көтерілген. Банк өкілі теңге бағамына да тоқталып өтті. Оның айтуынша, жыл басынан бері теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 469,64 теңгеге жетіп, 1,5 пайызға әлсіреген. Ол теңгенің әлсіреуіне бірқатар сыртқы және ішкі фактор әсер еткенін айтады. – Біріншіден, бұл – доллардың жаһандық нығаюы. Оған АҚШ-тың Федералды резервтік жүйесінің қатаң ақша-кредит саясаты әсер етіп отыр. Екіншіден, импорттаушылар тарапынан маусымдық сұраныстың артуы. Оған жобаларды іске асыру және бюджет қаражатын игеру циклінің жандануы мен басқа да факторлар ықпал етуде, – дейді Данияр Вагапов. Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансфертті қамтамасыз ету аясында валюта сату арқылы теңгеге қолдау көрсетілген. Осылайша жыл басынан бері 7,5 миллиард доллар сатылған. Ал қазан айында бұл көрсеткіш 1,5 миллиард долларды құраған. – Жалпы халықаралық резервтер қазан айының соңында 90,3 миллиард АҚШ долларын құрады. Ұлттық Банктің алтын-валюта резервтері жыл басынан 34 миллиард АҚШ долларына дейін 3,1 пайызға төмендеді. Бұл Ұлттық Банктің валюталық шоттарындағы екінші деңгейлі банктер қаражатының азаюына байланысты болған. Оған Қаржы министрлігінің міндеттемелерін төлеу мақсатында алтын-валюта резервтерін конвертациялау да себеп болды, – дейді Д.Вагапов. Жыл басынан қорға түскен түсімдердің барлығы 3,6 триллион теңгені құраса, Ұлттық қордан республикалық бюджетке бөлінген трансферттер 3,7 триллион болған. «AR-AI»-ақпарат  
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар