Жаңалықтар
Тараздағы түзеу мекемесінен Ауғанстан азаматтары босатылды
- author AR-AY
- 17 қараша, 2023
- 127
Тараздағы түзеу мекемесінен Ауғанстан азаматтары босатылды
Бүгін өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінен жаза мерзімінің аяқталуына байланысты бас-аяғы 7 Ауғанстан мемлекетінің азаматтары босатылды. Өзге елдің азаматтары Меркі аудандық сотының үкімімен Қылмыстық Кодекстің 392-бабы 1-бөліміне сәйкес кінәлі деп танылып, 6 айға бас бостандығынан айырылған.
Бұл күні аталған түзеу мекемесіне еркіндікке жолдама алған заң бұзушыларды өз еліне елге жеткізу мақсатында облыстық полиция департаментіне бағынысты көші-қон қызметі мен шекара әскерінен арнайы өкілдер келді. Енді 7 құқық бұзушы Ауған еліне экстрадицияланбақ.