Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жамбыл облысында тоқыма кластерін дамыту жоспарлануда

Жамбыл облысында тоқыма кластерін дамыту жоспарлануда
ашық дереккөз
Жамбыл облысында тоқыма кластерін дамыту жоспарлануда
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Халықаралық біліктілік және креативті индустрия орталығының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында Жамбыл облысының шетелдік компаниялармен сауда-экономикалық әріптестікті, тығыз өңіраралық өзара байланысты нығайтуға баса назар аударылды. Аймақ басшысы Халықаралық біліктілік және креативті индустрия орталығының басшысы Ерік Өтембаевпен поляк компанияларымен екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге қатысты, нақтырақ айтқанда тау-кен және химия өнеркәсібі, агроөнеркәсіптік кешен, машина жасау, логистика салаларындағы ынтымақтастық әлеуетіміз бен жоспарларды талқылады. Сондай-ақ, тараптар ауыл шаруашылығы техникаларын шығару, қоқыс өңдеу кәсіпорындарын салу бойынша жобаларды іске асыру үшін жан-жақты мүмкіндіктерге көңіл бөлді.
- Креативті индустрияны дамытуда өңірімізде тігін, тоқыма кластерін құруға ерекше назар аудару маңызды. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында креативті индустрияны одан әрі дамыту бойынша нақты міндеттер жүктеген болатын. Бұл экономика өсімінің жаңа көздерін құруға, инвестициялық және туристік ағымдарды тартуға мүмкіндік береді. Біз жоғары бизнес-әлеуетке ие болашағы бар шығармашылық бастамаларды қолдауға дайынбыз,-деді Ербол Қарашөкеев.
Облыс әкімі кездесуде талқыланған жобаларды жан-жақты зерделеу, шетелдік компаниялармен тығыз байланыс орнату бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар