Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жазасын өтеушілер теолог мамандармен кездесті

Жазасын өтеушілер теолог мамандармен кездесті
ашық дереккөз
Жазасын өтеушілер теолог мамандармен кездесті
Жамбыл облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 мекемесінде жазасын өтейтін бірқатар сотталған азаматтар теолог мамандармен кездесті. Бұл күні облыс әкімдігінің дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» қызметкерлері жазасын өтеушілерге жалған діни ағымдарды дәстүрлі діндерден қалай ажыратуға болатындығы жөнінде және деструктивті діни ағымдардың ерекшеліктері туралы дәріс берді. Іс-шара барысында теолог мамандар сотталған азаматтарға рухани құндылықтарға баса назар аудару керектігін айтып, дін саласына қатысты қандай да бір ақпаратты дін саласында білім алған білікті мамандардан сұрау қажеттігі жөнінде ескертті. Сондай-ақ, дәріс барысында намаз оқу тәртібі де кеңінен айтылды. Кездесу соңында жазасын өтеушілер дін саласында өздерін қызықтырып жүрген сұрақтарын қойып, оған толыққанды жауап алды.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар