Қазақ «Үйлену оңай, үй болу қиын» деп ежелден отбасы тәрбиесіне баса назар аударған халық. Сондықтан да көш бастайтын нарынан айырылғаннан, көшін түзейтін жарынан айырылған әлдеқайда қиын деп ұғып, отбасының бүтіндігіне айырықша назар аударған. Дейтұрғанмен де тағдырдың түрлі сынағына ұшырап жататын жайттар аз емес. Алайда қанша қиыншылықтар алдан шықса да мойымай, бала-шағасын жетілдіріп, жеткізіп отырған аналарымыз қаншама?
Өнегесін халыққа таратып отырған отбасының бірі – Мәсенкұловтар отбасы. Елге мақтаулы Мәсенқұловтар отбасында 4 ұл, 6 қыз тәрбиеленіп, ұрпақтарынан 32 немере, 52 шөбере тараған.
Отағасы Жүзімхан Мәсенқұлов 1938 жылы Байзақ ауданы, Суханбаев ауылында дуниеге келген. Әрі осы ауданда 40 жылға жуық зауытта дайындаушы болып қызмет атқарған. Көзі тірі кезінде «Еңбек ардагері» медальімен және көптеген Алғыс хаттармен марапатталған. «Үздік дайындаушы» атағының иесі. Өкінішке қарай 2016 жылы дүниеден өткен.
Ал отанасы – Орынкүл Мәсенқұлова 1938 жылы Байзақ ауданының Құмжота ауылында дүниеге келген. Ровный совхозында 40 жыл сауыншы, егінші болып еңбек еткен. 1989 жылы зейнетке шыққан.
«Алтын алқа» иегері, алтын құрсақты ана қазіргі таңда ұл-қызының қызығын көріп, орталарында жарқырап жүруі жас күнінде жасаған еңбегінің және отағасы екеуінің балаларына берген тәрбиесінің нәтижесі екенін айтады.
– Осы күнде қандай да бір жақсылыққа жетсем, бәрінің арғы жағында маңдай терімді төгіп істеген еңбегімнің өтеуі жатыр деп түсінемін. Егіншаруашылығымен айналысу оңай емес. Таза қара еңбекті талап ететін жұмыс. Сондықтан да бүгінгі жастар біз секілді ауыр жұмыстарды істегісі келмейді. Алайда қиындықсыз жұмыс жоқ. Бәрі де еңбекпен келеді. Сондықтан жұмыстың қиындығынан қорықпау керек. Қайта нәтижесіне назар аудару керек. Қазіргі таңда мен үшін немерелерімнің «әже» деген даусынан артық ештеңе де жоқ. Өйткені бүгінде балаларымның өзі ата-апа болды. Мен олардың қуанышын көрген сайын өзімді бақытты ана ретінде есептеймін, – дейді О. Мәсенқұлова.
Бұл әулет өсіп-өнген отбасы екенін көптің бәрі біледі. Үлкен қызы Күләш Мәсенқұлова 1958 жылы дүниеге келген. 1978 жылы Статистикалық техникумды аяқтаған. Балабақшада есепші болып қызмет атқарып, зейнетке шыққан. Отбасында 2 ұл, 2 қыз және 12 немере тәрбиелеуде. Ал ұлы Серік Мәсенкұлов 1959 жылы дүниеге келген. Алматы қаласындағы ветеринарлық жоғарғы оқу орнын аяқтап, мал дәрігері болып қызмет атқарған. Өкінішке қарай 2010 жылы дүниеден өткен. Отбасында 3 ұл, 11 немересі бар. Ал Жанат Мәсенқұлов болса, 1961 жылы дүниеге келген. Зооветеринарлық техникумды аяқтап, мал дәрігері қызметін атқарған. Қазіргі таңда жеке кәсіпкер. Отбасында 1 ұл, 2 қыз және 6 немере тәрбиелеуде.
Жазасын өтеушілер теолог мамандармен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
Енді eGov Mobile қосымшасы арқылы шетелден тауарға тапсырыс беруге болады
- авторAR-AY
- 13 желтоқсан, 2024