Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«ЕШКІМГЕ АЙТПАҒАН СЫРЛАРЫМ»

«ЕШКІМГЕ АЙТПАҒАН СЫРЛАРЫМ»
ашық дереккөз
«ЕШКІМГЕ АЙТПАҒАН СЫРЛАРЫМ»
«Алматы-Болашақ» баспасынан мемлекеттік тапсырыспен жерлесіміз, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық Э.Иманалиев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Үміт Битенованың «Ешкімге айтпаған сырларым» атты жаңа жыр жинағы басылып шықты. «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» бағдарламасы бойынша жарық көрген ақынның бұл кітабына әр жылдары дүниеге келген поэзиялық шығармалары топтастырылған. Пәкиза тазалық, сыршылдық, ойлылық араласа өріліп жататын шығармаларымен адамдарға ағынан жарылып сыр айту, тосын тың теңеулер арқылы сәтті шешім қабылдау Үміт жырларының басты ерекшелігі. Әлеуметтiк әуенге бейiм, өлең тiлiн құрайтын сыршыл нәзiк сезiмiн оқиғалы жырларына дарыта бiлетін ақын барша адамбаласылық байыпты ойға бармайынша, адамзаттың көсегесi көгермейтiнiне көңiлдi ұйытып, көздi жеткiзедi. Оқырман қауымға арналған жыр кітабының көпшіліктің жүрек төрінен орын аларына сенім білдіре отырып, ақын Үміт Битенованы кезекті бір шығармашылық жетістігімен құттықтаймыз! Ақынның ешкімге айтпаған сырларымен танысуға асығыңыз, құрметті кітапсүйер қауым! РЕДАКЦИЯДАН
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар