Жаңалықтар
ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ ҚЫЗЫЛШАҒА БАЙЛАНЫСТЫ ҮНДЕУ ЖАРИЯЛАДЫ
- author AR-AY
- 10 қараша, 2023
- 155
ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ ҚЫЗЫЛШАҒА БАЙЛАНЫСТЫ ҮНДЕУ ЖАРИЯЛАДЫ
Облыс тұрғындарына қызылшаға қарсы екпе алуға үндеу
Әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде Қазақстанда қызылшаға қатысты қолайсыз эпидемиологиялық жағдай байқалды.
2023 жылы елімізде 12 мыңнан астам, оның ішінде Жамбыл облысында 1600 ден астам қызылша ауруы тіркелді. 80% дан астам жағдайда вакцинацияланбаған жас балалар зардап шекті
Қызылша – пневмония, миға асқынуларға, немесе науқастың өліміне әкелуі мүмкін. Кез келген адам қызылшамен ауыратын адаммен байланыста болса, ауруды жұқтыруы мүмкін, әсіресе екпесі жоқ балалар .
Қызылшаны емдеуге арналған арнайы дәрі препараты жоқ, емдеу тек симптоматикалық болып табылады. Сондықтан, қызылшамен күресудің ең тиімді шара – ол вакцинация болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық профилактиқалық егу күнтізбесіне сәйкес, балаларды қызылшаға қарсы жоспарлы егу 1 жаста және 6 жаста жүргізіледі.
Елдегі қызылшаға қатысты эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін, 2023 жылғы 6 қарашадан бастап, балаларды қосымша иммундау жүмысы басталды. Ол 2024 жылдың қантарына дейін жалғасады.
6 айдан 11 айға дейінгі, 2-3-4 жас аралығындағы балалар, вакцинация статусына қарамастан және егілмеген медицина қызметкерлері қызылшаға қарсы 1 екпесін алады. Вакцинация Үндістанда өндірілген ККП вакцинасымен ( қызылша-қызамық-паротит) жүргізіледі
Биыл облыста 38 мыңнан астам бала қызылшаға қарсы жоспарлы екпе алды, ал 1587 бала қосымша егілді, жағымсыз реакциялар байқалмады
Егер сізде, профилактикалық екпелердің қажеттілігіне әлі де күмәніңіз болса, бас тартуға қол қоюға асықпаңыз.
Алдымен дәрігермен кеңесіп,жұқпалы аурудың қауіптілігі және одан бас тартудың салдары туралы толық ақпаратты жинаңыз.
Қызылшаға қарсы екпені баланызға жасатуға шақырамын.
Сіз ата ана ретінде балаңыздың денсаулығына жауапты екеніңізді ұмытпаңыз !
Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының
Баспасөз қызметі