Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Науқастардың жағдайы орташа, тұрақты

Науқастардың жағдайы орташа, тұрақты
ашық дереккөз
Науқастардың жағдайы орташа, тұрақты
Байзақ ауданының орталық ауруханасына жатқызылған 35 адамның жағдайы орташа, тұрақты. Науқастарға барлық қажетті медициналық көмектер көрсетілуде. Бұл мәселе бойынша облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылды. Сарыкемер ауылындағы Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназия оқушыларының әлсіздікке, құсу бойынша шағымданған алғашқы өтініші 7 қараша күні түстен кейін тіркелді. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, республикалық мамандардан, анестезиологтардан, педиатрлардан, токсикологтардан және инфекционистерден тұратын комиссия құрылды. Сағат 23.00-ге дейін өтініш білдіргендердің жалпы саны 46 адамды құрады (2 мұғалім, 44 бала). 46 адамның 33-і ауруханаға жатқызылды, жағдайлары орташа, тұрақты. Ауруханаға жатқызылғандарға детоксикация терапиясы жүргізілді. Антибиотикалық емдеуді қажет етпейтін 13 адам медициналық кеңес алғаннан кейін амбулаториялық емдеу және үйден бақылау үшін қайтарылды. Жалпы тәжірибелік дәрігерлерден, педиатрдан, учаскелік медбикеден тұратын 16 мобильді топ 205 ауланы аралап, сол күні оқу орнының асханасынан тамақтанған өзге де оқушыларды тексеріп шықты. Тексеру қорытындысы бойынша, олардың жағдайы қанағаттанарлық жағдайда, шағымдар мен ауру белгілері жоқ. Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназияны тамақпен қамтуға жауапты ЖК «Тоқсейітовтің» жұмысы мән-жайлар нақтыланғанға дейін тоқтатылды. Мектеп оқшауланған, бактериологиялық зерттеу шаралары жүруде. Облыс әкімінің баспасөз қызметі
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар