Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

БІЛІМ БЕРУ САПАСЫ – БАСты назарда

БІЛІМ БЕРУ САПАСЫ –  БАСты назарда
ашық дереккөз
БІЛІМ БЕРУ САПАСЫ – БАСты назарда
Облыс әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы Тараз қаласындағы Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназияның базасында «1000 мектеп» жобасына енген 52 мектептің директорлары мен орынбасарларына мектепішілік бақылауды ұйымдастыру мен білім беру сапасын басқару мақсатында «Білім беру сапасын басқару» атты семинар ұйымдастырды. Семинар жоспарлар шеруі, тәжірибелік алаңдар тақырыптарында екі кезеңде ұйымдастырылды. Бірінші кезең аясында «Жоспарлар шеруінде» 52 мектептің директоры 2023-2024 оқу жылында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, жұмыстық оқу жоспарларын құрастыру, мектепішілік бақылауды жүргізу барысын қадағалау, оқу процесінің сапасын бақылауда анықталған қиындықтарды талқылау бойынша тәжірибе алмасу жұмыстарын көрсетті. Басқосудың екінші кезеңінде мектеп директорла­рының орынбасарларына «Білім беру үдерісін диагнос­тикалау және талдау», «Сабақты бақылау, сандық сапа­лық талдау жүргізу», «Сабақты зерттеу-кәсіби даму мектебі» тақырыптарында тәжірибелік алаңдар өткізілді. Семинарға қатысушыларға білім беру үдерісін диагностикалау және талдау жүргізу құзыреттілігін дамыту, білім сапасын арттыру бойынша жоспарды жүзеге асыру механизмін ұсыну, мектепішілік бақылауды жоспарлау және сабақты бақылау, сабақты зерттеу тәсілін меңгеру бойынша ақпараттық-әдістемелік кеңес берілді. Айжан Өзбекова
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар