Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Төлем жасауда абай болыңыз!

Төлем жасауда  абай болыңыз!
ашық дереккөз
Төлем жасауда абай болыңыз!
Әлеуметтік желілерде алаяқтардан зардап шеккендерге көрсетілетін қызмет туралы хабарландыру пайда болды. Поста «алаяқтардан зардап шеккендерге 1000 доллар төлеу туралы заң қабылдаған» деген мәтіні бар ҚР Конституциялық Сотының төрағасы Эльвира Азимованың суреті пайдаланылған. Бұл – өтірік. ҚР Конституциялық сотының ресми сайтында аталған төлемдер туралы хабарламалар жоқ. Мұндай ақпарат беделді дереккөздер де жарияланбаған. Поста ұсынылған сілтеме «Lider» компаниясының сайтына апарады, сипаттамаға сәйкес, ол «онлайн-казинолардан, жосықсыз инвестициялық немесе брокерлік компаниялардан және букмекерлік кеңселерден ақша қайтаруға маманданған». Сайт парақшасы стандартты рәсімделген – компанияның визит картасына ұқсайды. Директор мен қызметкерлердің аты-жөні жазылған суреттер де бар. Сондай-ақ компания ақшасын қайтаруға көмектескен адамдардың видео пікірлері де ұсынылған. Желіден суреттерді іздегенде фирма директорының, сарапшыларының және адвокатының фотолары интернеттен алынғаны анықталды. Бұл суреттер иллюстрация ретінде әртүрлі сайттарда қолданылған. «Ризашылық білдірген клиенттердің» ақшаны қайтарғаны туралы видеолары да жалған. Интернетте осы адамдар өздерін басқаша таныстырып, әртүрлі фирмалардың жұмысы туралы пікір білдіріп, әртүрлі қызметтерді жарнамалаған осындай видеоларды көруге болады. Бұл осы сияқты қызметтерді ұсынатын және тапсырыс бойынша видеолар жазатын жалдамалы «актерлер». Демек «Lider» компаниясының сайтында жарияланған ақпарат күмәнді. Соңғы уақытта интернетте алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды, ол алданып қалған адамдарға ақшаны қайтарып береміз дегенге негізделген. Мұндай хабарландыруға жауап берген адам одан да артық қаражатынан айырылуы мүмкін. Олай болса, таралған хабарламаға сенбеген жөн. Жасұлан Сейілханов
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар