Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Арнайы техникалар қысқа сақадай сай

Арнайы техникалар қысқа сақадай сай
ашық дереккөз
Арнайы техникалар қысқа сақадай сай
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскерлері қару-жарақ пен әскери техниканы қысқа даярлауда. Атап айтқанда, жанар-жағармайдың жазғы түрін қысқы түріне, дизель отынына ауыстырылуда. Реттеу жұмыстары да жүргізілуде. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты бөлімшелердегі әскери техниканы қысқы жұмыс режиміне көшіру жұмыстары «Батыл тойтарыс – 2023» оқу-жаттығулары аясында өтіп, техника мен жеке құрам тұрақты орналастыру пунктеріне қайтарылғаннан кейін бірден қыркүйек айының соңында басталды. Қысқы және жазғы уақытта техникалардың жұмыс жағдайлары айтарлықтай ерекшеленеді, сондықтан техниканы қысқы режимге көшірудің барлық ұйымдастырушылық мәселелерін қамтамасыз ету қажет. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың ең маңызды міндеті – қысқы жағдайда алғашқы дабыл бойынша әртүрлі марштарды өткізуге, жеке құрамды тасымалдауға дайындау. Сонымен қатар кез келген тапсырманы орындауға техникалардың әскери көлік парктерінен шығып, жедел әрекет ете алатындай жағдайда болуын қамтамасыз ету. – Басқа бөлімшелердің қатарында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы Бауыржан Момышұлы атындағы 5-механикаландырылған бригадасының әскери қызметшілері де әскери және арнайы техникаға сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етіп, қару-жарақтың жағдайын тексеріп, анықталған ақауларды жоюы керек. Механикаландырылған бригадада әскери техниканы қысқа дайындау жұмыстарының ауқымы да айтарлықтай көп. Әскери бөлімнің жауынгерлік автокөлік парктерінде көптеген жаяу әскердің жауынгерлік машиналары, тракторлар, танктер, «КамАЗ» ауыр жүк көліктері, автобустар, жеңіл автокөліктер және басқа да әскери арнайы техникалар тұрақты пайдаланылады. Қажет болған жағдайда машиналарда жарамдылық мерзімі өтіп кеткен бөлшектер мен тораптар ауыстырылады. Сонымен қатар жауынгерлік техниканың инвентаризациясы ауыстырылып, шығын материалдары – қосалқы бөлшектер, құрал-саймандар мен керек-жарақтар толықтырылуда. Біз қару-жарақтың техникалық жағдайына және қысқы жұмыс режиміне көшіру мәселелеріне жіті көңіл бөлеміз, – деді «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының қару-жарақ жөніндегі орынбасары, подполковник Радик Сабирзянов. Жауынгерлік машиналар кез келген ауа температурасында және кез келген ауа райы жағдайында іске қосылуы, барлық жүктелген тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Ақтоты Жаңабай
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар