Француз фотографы өрт сөндіру бөлімінде
Облыстағы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Тараз қаласы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне Тараз қаласының №2 «Болашақ» мектеп-интернатының оқушылары танымал француз фотографы Эрик Ваззолермен бірге келді. Ашық есік күні алдағы «Жаңакөзқарас» республикалық фотокөрмесі мен фотографтың шеберлік сыныбы аясында өтті.
Өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы мен басшылығы қонақтарды қуана қарсы алып, бірнеше сағат бойы толық экскурсия өткізді. Бөлім бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Асқар Базарбаев өрт сөндіруші-құтқарушылардың жұмысы туралы айтып, балаларды өрт-құтқару спортымен таныстырды. Облыстың құрама командасы өз кезегінде жаттығу сәттерін көрсетті. Балалар өздерінің фотоаппараттарының көмегімен ең керемет кадрларды түсіруге тырысты. Содан кейін Асқар Қуанышбекұлы қару-жарақ бөлімінің техникасы туралы айтып берді. Өз кезегінде кезекші қарауыл балаларға дабыл бойынша шығу сәтін көрсетіп өтті. Сондай-ақ осындай қызықты іс-шара барысында балалар назарына қаза тапқан батырларға арналып жақында ашылған мемориал да ұсынылды.
Осындай кең және қызықты экскурсияның арқасында балалар өте қызықты сәттерді фотосуретке түсіре алды. Бұл күннің фотосуреттері 16-17 маусымда Алматы қаласында өтетін «Жаңақөзқарас» республикалық фотокөрмесінде көрсетілетін болады.
Облыстық ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қоғаммен байланыс тобы
Келесі мақала