Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ПЕДАГОГТЕР БАҚ СЫНАСТЫ

ПЕДАГОГТЕР БАҚ СЫНАСТЫ
ашық дереккөз
ПЕДАГОГТЕР БАҚ СЫНАСТЫ
Жуырда облыс әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыруымен Құлан агротехникалық жоғары колледжінің базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында III республикалық кәсіби шеберлік конкурсы өтті. Ауылшаруашылығы саласындағы техникалық және кәсіптік орта білім ұйымдарының талантты педагогтерін анықтау және қолдау мақсатында өткен конкурсқа колледж басшылары, серіктес мекеме өкілдері, ардагер ұстаздар мен инженер-педагогтер, студенттер, барлығы 100 адам қатысты. Байқауға қатысушы 24 инженер-педагог «Агрономия», «Ветеринария» құзыреттіліктері бойынша сынға түсіп, бақтарын сынады. Сайыс барысында тәжірибелік жұмыстар сарапқа салынып, инновациялық ерекшеліктері іс жүзінде көрсетіліп, теориялық және практикалық тапсырмалар орындалды. Теориялық кезеңде арнайы пәндер бойынша мазмұнды қамтитын тест сұрақтарына жауап берілді және тәжірибелік жұмысты орындау кезіндегі іс-қимылдардың бірізділігін құрастыру тапсырмалары орындалды. Ал практикалық кезеңде әрбір модуль бойынша бір немесе бірнеше тапсырма берілді. Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар анықталып, облыс әкімдігі білім басқармасының Алғыс хаты беріліп, кубоктар табысталды. Конкурс нәтижесінде агрономия саласы бойынша Ақтөбе облысындағы Шығанақ Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары ауылшаруашылығы колледжінің оқытушысы Гүлнар Есжанова, Құлан агротехникалық жоғары колледжінің оқытушысы Айгерім Болатханова, Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжінің оқытушысы Салия Сахова, Қызылорда облысы, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің оқытушысы Ұлжалғас Талпақова бас жүлдеге ие болды. Ветеринария саласы бойынша бас жүлдеге Құлан агротехникалық жоғары колледжінің оқытушысы Айсұлу Көпбаева, Қарағанды облысындағы Абай көпсалалы колледжінің оқытушысы Ақмерей Серікова, Талдықорған аграрлық-технологиялық колледжінің оқытушысы Айдана Қымбатова, Батыс Қазақстан облысындағы жоғары инженерлік технологиялық колледжінің оқытушысы Гүлдәурен Жұбанышева иеленді. «AR-AI»-ақпарат
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар