Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОҚ ДЕ!

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОҚ ДЕ!
ашық дереккөз
ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОҚ ДЕ!
Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлық жаһандық проблемалардың бірі болып қала береді. Мамандардың пікірінше, қазақстандықтардың күнделікті өмірі тікелей дәл осы салалармен тығыз байланысты: қауіпсіздікті қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және т.б. Десе де дәл осы жағдайларда сыбайлас жемқорлық адам өміріне ерекше қауіп төндіреді. Ал бұл істе әсіресе жастар аталмыш қылмысқа артылған кезде, мәселе екі есе қауіпті болады. Өйткені сыбайлас жемқорлық фактілері арқылы жеке мәселелерді шешу әдетке айналса келесі ұрпаққа да берілу қауіпі жоғары.   Осы тұста Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі. Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" тапсырысы бойынша Нығмет нұры қоғамдық бірлестігі "Жастар арасында сыбайлас жемкорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру" жобасы аясында конференция өткізді. Өткізілген іс-шара аясында жауапты қызметкерлер қылмыспен күрес бойынша жүргізіліп жатқан шаралар туралы баяндама жасады. Онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері және оны іске асыру тетіктерімен қатар құқықтық жауапкершілік және т. б. мәселелер қамтылды. Ал департамент қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша осы іс-шараға арнайы дайындалған фильмді көрсетті. Аталған іс-шараны ұйымдастырушылар қылмыстың алдын алу және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша баяндама жасады. Студенттерге сыбайлас жемқорлық алаяқтық фактілерін емес, осы әрекеттерге, соның ішінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінен келтірілген жазаларды көрсететін презентацияларды көрсетті Баяндамашылар қатысушылардың сұрақтарына да жауап берді. Әрине, сыбайлас жемқорлық тақырыбы студенттерге таныс. Бірақ мұндай іс-шараны өткізу артықтық етпейді. Ұйымдастырушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті тұрақты бекіту мақсатында болашақта оқу орындарында осындай іс-шаралар жиі өтетінін хабарлады.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар