Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ
ашық дереккөз
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ
Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік институттарға деген сенімге нұқсан келтіретін, экономикалық өсуге кедергі келтіретін және адамдардың күнделікті өміріне теріс әсер ететін маңызды мәселе. Онымен түгел қоғам болып күресу керек. Осы ретте "Тараз-Ғасыр" колледжінде Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" тапсырысы бойынша «Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігі "Жастар арасында сыбайлас жемкорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру" жобасы аясында конференция өткізді. Іс-шара сыбайлас жемқорлықты анықтау, қатысушыларды ақпараттандыру және оған қарсы іс-қимылда жастардың белсенділігін арттыру. Ұйымдастырушылар қылмысқа қарсы іс-қимылға жұмылдыра отырып, диалог пен оқыту алаңын ұсынды. Әрі қылмыспен күресудің мүмкіндіктерін талқылады. Панельдік пікірталаста қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға байланысты мамандар сұрақ қойды. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресу үшін халықаралық тәжірибеге, оның ішінде танылған әлемдік стандарттарға сүйену қажеттігі туралы айтылды. Студенттерге халықаралық стандарттар бойынша күресудің жолы жайында бейнематериалдар көрсетілді. Түйінді сөздер жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға шақырды. Қазақстан аталмыш қылмысқа қарсы реформаларды жүргізуді жалғастыра отырып, қоғам, бизнес және жалпы адамдардың бүкіл өмірі сыбайлас жемқорлықтан азат болатын жағдай жасайды. Бұл тұста ең маңызды серіктес - түгел азаматтық қоғам, әрі оған жастардың қатысуы өте маңызды.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар