Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

КEGOC акциялары саудасының аяқталуына санаулы күндер қалды

КEGOC акциялары саудасының аяқталуына санаулы күндер қалды
ашық дереккөз
КEGOC акциялары саудасының аяқталуына санаулы күндер қалды
KEGOC – бүкіл Қазақстан бойынша электр энергиясын тасымалдайтын ұлттық оператор. Ол «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының құрамына кіреді. Нарықтағы, ұлттық экономикадағы сұранысқа байланысты компания акцияларының бағасы өсе беретін болады. Себебі, адам саны көбейген сайын электр тұтыну өсуде. 2 қараша күні сағат 18:00-де акция сатып алу бойынша өтінімдер қабылдау жабылады. Содан кейін өтінім берген адамдардың шоттарына акциялар түсе бастайды. Онымен бірге, KEGOC жылына екі рет дивиденд төлейді. Бізде мұндай компания жоқтың қасы. Әрі жаңартылған саясатқа сәйкес, KEGOC өз таза табысының кем дегенде 60 пайызын дивиденд төлеуге бағыттамақ. Бұған дейін, алғашқы IPO кезінде KEGOC акцияларын сатып алған азаматтар акцияның құнының өсуі мен дивиденд сомасын қоса есептегенде 400 пайыз кіріс алған. Яғни, акционердің жылдық табысы шамамен 44 пайызды құрайды деген сөз. Брокерлердің болжамы бойынша, акция бағасы жақын арада 1 817 теңгеге дейін өседі. Компанияның дивиденд төлеу жоспарын қоса алғанда бұл жылына акционерлерге кемінде 30 пайыз табыс алып келеді деген болжам бар. SPO шеңберінде акционерлерге 15 294 118 жай акция ұсынылып отыр. Бір жай акцияның бағасы – 1 482 теңге. Өтінішті брокерлер, банк мобильді қосымшалары, «Қазпошта» АҚ филиалдары, «Tabys» мобильді қосымшасы арқылы беруге болады. Мобильді қосымшаларда («Halyk», «BCC», «Jusan», «Tabys») осы операциялардың барлығын онлайн жасай аласыз. Осы SPO-ға қатысу өте ыңғайлы болып тұр. Дегенмен кез келген инвестицияның тәуекелі бар. Сондықтан шешім қабылдарда барлық ақпаратты жан-жақты тексеріп, зерттеп алыңыздар. Айбар ОЛЖАЕВ, экономикалық сарапшы
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар