Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Құрылымды БЮРОКРАТИЯДАН АРЫЛТУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Құрылымды БЮРОКРАТИЯДАН АРЫЛТУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ
ашық дереккөз
Құрылымды БЮРОКРАТИЯДАН АРЫЛТУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары С.Мүксімовтің төрағалығымен мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту бағытында Ауылшаруашылығы министрлігімен бірлесіп тиісті салада жүргізілген аралық талдау жұмыстарының нәтижесі бойынша кеңес өткізілді. Іс-шараға Ауылшаруашылығы министрлігі, оның ведомстволық бағынысты ұйымдары, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, үкіметтік емес ұйымдар, азаматтық және бизнес сектор өкілдері қатысты. Күн тәртібінде мемлекеттік аппаратты бюро­кратиядан арылту бағытында жұмыс топтарының осы жылдың 11 қыркүйек-9 қазан аралығында жүргізілген талдау жұмыстарының аралық нәтижелері талқыланды. Талдау жұмыстары барысында 400-ге жуық функция талданып, орталық деңгейде 4 департамент пен 2 бағынысты ұйым, өңірлік деңгейде 280-ге жуық мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметі зерделенді. Осы уақытқа дейін жүргізілген талдау жұмыста­рының нәтижесінде жалпы 89 ұсыныс әзірленді. Әзірленген ұсыныстар жер, ветеринарлық бақылау, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы өзекті мәселелерді қамтыды. Атап айтқанда мемлекеттік қызметтер көрсе­тудің бизнес процестерін оңтайландыру, дербес жауапкершілікті арттыру, бірыңғай автомат­танды­рылған басқару жүйесі мен «Электрондық үкімет» порталы арасындағы интеграция және заңнамаларға өзгерістер енгізу. Жиын барысында көтерілген мәселелерді қосымша зерделеп, пысықтау жөнінде нақты тапсырмалар берілді. «AR-AI»-ақпарат
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар