Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Дарынды математиктер дараланды

Дарынды математиктер  дараланды
ашық дереккөз
Дарынды математиктер дараланды
Облыс әкімдігі білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы мен «125 High School» мектебінің ұйымдастыруымен ІІ облыстық «Дарынды математик» олимпиадасы өтті. Сайыс есепке жүйрік 9-сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды. Олимпиаданың мақсаты – математика пәні бойынша об­лыстық олимпиада резервінің дайындық жүйесін жетілдіру, оқушылардың білі­мін шыңдау және жаратылыстану-ма­те­матика бағы­тындағы пәндерге қызы­ғушы­лығын арттыру. Бір айта кетерлігі, жарыс жеңімпаздарына «125 High school» мектебінің тарапынан қаржылай сыйлықтар табыс етілді. Мысалы, бас жүлде жеңімпазына 50 000 теңге берілсе, І дәрежелі диплом иегерлеріне – 30 000 теңге, ІІ дәрежелі диплом иегерлеріне 15 000 теңге ұсынылды. Ал ІІІ дәрежелі диплом иегерлеріне 10 00 мың теңге және грамота иегерлеріне 5000 теңге ақшалай сыйлық тапсырылды. Жас математиктер сайысына аудандық, қалалық білім беру ұйымдарының 61 оқушысы қатысты. Нәтижесінде 26 оқушы жеңімпаз атанды. Меркі ауданының Т.Қожакеев атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Шаилда Ақберді бас жүлдені иеленсе, Байзақ ауданы, Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Елнұр Тілеубай мен Тараз қаласындағы Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ-классикалық гимназиясының намысын қорғаған Саят Жамалбек І дәрежелі диплом иегері атанды. Жамбыл ауданы, Б.Момышұлы орта мектебінің атынан қатысқан Бөрі Ғафурғұлам, Сарысу ауданы, Ш.Уәлиханов мектеп-гимназиясының білімгері Айкөркем Конысбаева, Тараз қаласы, Ш.Смаханұлы атындағы №44 гимназияның оқушысы Толғанай Құдайберген мен «125 Education» орта мектебінің оқушысы Қарасай Мұхаммедәли екінші орынды қанжығаларына байлады. Жуалы ауданы, №15 Ә.Бөкейханов атындағы орта мектеп атынан қатысқан Жанәділ Ерсұлтан, Қордай ауданы,№1 Д.Қонаев атындағы гимназиясының оқушысы Ахметбек Диас, Меркі ауданы, М.Әуезов атындағы орта мектептің оқушысы Қарақат Жақсылық үшінші орынды місе тұтты. Сонымен қатар Мойынқұм ауданы Қ.Рысқұлбеков атындағы орта мектеп оқушысы Айназ Дүйсен, Тараз қаласы №3 мектеп-лицейінен Өркен Нұрбек, Н.Данаев атындағы орта мектептің оқушысы Гүлнұр Өмірхан, Қ.Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиядан Минура Марат та үшінші дәрежелі диплом иегері атанды. Жеңімпаз оқушыларды жарқын жетістігімен құттықтаймыз! Ақтоты Жаңабай
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Тұзды емнің пайдасы мол
Алдыңғы мақала
Тұзды емнің пайдасы мол

Ұқсас жаңалықтар