ТАЗАЛЫҚ – ТӘН САУЛЫҒЫ
Республика күніне орай облыстық азаматтық қорғау қызметкерлері аудандарда және қалада ұйымдастырылған сенбілікке шығып, өздеріне тиісті аумақты қоқыстан тазартты. Олар тазалықтың қашанда маңызды екенін, ал Республика күніне орай ұйымдастырылып отырған бұл іс-шараның үлгісі мен өнегесі зор екенін айтады.
– 25 қазан – біздің ұлы мерекеміз. Сол мерекеге орай ұлы даламызды тазартып, өзіміздің жүретін көшемізді сыпырдық. Бұл шын мәнінде осы мемлекеттің әрбір тұрғындарына үлгі боларлық іс деп ойлаймыз. Себебі өзіміз тұрған аумақты таза ұстау – ол біріншіден өзімізге деген құрмет. Екіншіден, күнделікті ауасын жұтып жүрген жерімізге деген ізет деп бағалаймыз. Сондықтан тазалықты өзімізден бастасақ, бұл да бір отансүйгіштік қой деп есептейміз, – дейді Тараз қаласындағы №2 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Талғат Карибаев.
Жалпы облыс аумағында мұндай қоғамдық іс-шаралар жиі өткізілуде. Ал құтқарушылар мұндай сипаттағы шараларға белсенді қатысып келеді. Ал мереке қарсаңында қала және аудан көшелерінің таза болуы көңілдерге қуаныш сыйлары анық.
Шапағат ӘБДІР
Келесі мақала