Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ТУЫНДАҒАН ЖАҒДАЙДА тұрғындар ҚАЙДА ПАНАЛАЙДЫ?

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ТУЫНДАҒАН ЖАҒДАЙДА тұрғындар ҚАЙДА ПАНАЛАЙДЫ?
ашық дереккөз
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ТУЫНДАҒАН ЖАҒДАЙДА тұрғындар ҚАЙДА ПАНАЛАЙДЫ?
Жұртшылық елімізде бомбадан қорғайтын баспана бар деп ойлайды. Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес «бомбадан қорғану» ұғымы жоқ. Бұл терминнің орнына «азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысы» ұғымы қолданылады. Бүгінгі күні қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкес азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары тасымалдауға келмейтін науқастарды, сондай-ақ денсаулық сақтау мекемелеріндегі медициналық және қызмет көрсету персоналын және азаматтық қорғаныс санаттарына жатқызылған ұйымдардың ең көп жұмыс ауысымын қорғау үшін көзделген. Сонымен қатар халықты қорғаудың бірнеше жолы бар екенін атап өткен жөн: – халықтың қарапайым баспаналарда тығылуы (жертөле, ғимараттың жертөле үй-жайы, сауда үйлерінің, жеке тұрған тереңдегі құрылыстардың, метрополитендердің жерасты паркингтері); – эвакуациялық іс-шараларды жүргізу (халықты қала сыртындағы аймаққа шығару). Халықты жинау үшін, яғни оны одан әрі қауіпсіз аймаққа шығару үшін зардап шеккен халықты жинау пунктері белгіленгенін атап өткен жөн. Осы жинау пунктері мен оларға жету маршруттарының орналасқан жері туралы ақпаратпен халық 2ГАЖ қосымшасында таныса алады. Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар