Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Вандализмге жол жоқ!»

«Вандализмге жол жоқ!»
ашық дереккөз
«Вандализмге жол жоқ!»
Осындай ұранмен «Жастар Рухы» Жастар қанаты мүшелері Қазақстанның тарихи, мәдени және табиғи мұрасын вандализмнен сақтауға бағытталған республикалық ауқымды акцияны бастады. Вандализм дегеніміз – өзі қандай да бір адамның мәдени ескерткіштерді, ғимараттарды, қоғамдық орындардағы заттарды бүлдіруі. Адамгершілікке жат қылықтың орнына одан да тал-дарақ егіп, көшелерді қоқыстан тазалау керек деп игі бастама көтеріп жүрген жастар «Тектұрмас» кесенесінің айналасын тазалауға атсалысты. Сондай-ақ аталған акцияға партияластар да атсалысып, «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов қатысып, жастардың ортасынан табылды. – Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында атап өткендей, ел мен жерге деген жанашырлық – «Адал азамат» тұлғасының ең асыл қасиеттерінің бірі. Алайда соңғы кезде вандализм, әсіресе қорықтар, табиғи саябақтар мен киелі орындарда орын алған келеңсіз оқиғалар туралы хабарламалардың жиілеуіне байланысты жастар ұлттық қазынаны қорғауға арналған акцияны бастады. Акцияның мақсаты – тарихи ескерткіштерді сақтау мәселесіне қоғамның назарын аудару, сондай-ақ, туған жердің табиғаты мен тарихына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру, – дейді «Жастар Рухы» Жастар қанаты төрағасының орынбасары Ерғали Әбуғали. Мұндай ескерткіштер бүкіл қазақ халқына ортақ мұра, ол ұлттық бірегейлігімізді айшықтайды. Президент: «Отанын шын сүйетін адам туған елінің табиғатын да барынша қорғайды» деп, бекер айтқан жоқ. Қазақстан азаматы ретінде Мемлекет басшысының идеясын қолдауды маңызды іс деп санаған жөн. Эльмира ТІЛЕУБЕРДІҚЫЗЫ
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар