Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Бұрымды арулар байқауы

Бұрымды арулар байқауы
ашық дереккөз
Бұрымды арулар байқауы
Тараз қаласы әкімдігі және қалалық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен жас қыздарымызға ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, инабаттылық, кішіпейілдік пен сұлулықты, шашты күту, оны өсіру, баппен тарап, өру сияқты қазақ халқына тән қасиеттерді дәріптеу мақсатында «Қыздарға әсемдік жарасады» атты бұрымды арулар байқауы өтті. Ұлттық киім киіп, шаштарын алдына қарай бұрымдап өріп шыққан қыздарды жігіттер қошеметтеп сахна төріне алып шықты. Тараз қаласы әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов ұмыт бола бастаған ұлттық төл мәде­ниетімізді жандандырып, қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру арқылы инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеуге бағытталған іс-шараның маңыздылығын айта келіп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Айтулы байқау бес кезеңнен тұрып, онда қатысушылар шашының ұзындығы мен қалыңдығы, өздері және отбасы туралы таныстыруы, аяқтал­маған мақал-мәтелдерді жалғастыру, ұлттық киім, заманауи үлгідегі бұрымдар өріп, сән үлгілерін көрсету бағыты бойынша сынға түсті. Арнайы құрылған комиссияның ұйғарымы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге сый-сияпатты Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Күләш Әбдікешова мен қазылар алқа­сының төрайымы Жанат Сарыбекова табыс етті. Бас жүлдені Тараз инновациялық көпсалалы колледжінің 3-курс білімгері Дамира Мейірқұл иеленіп, оған 300 мың теңгенің сертификаты тапсырылды. Екінші орын алған М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 3-курс білімгері Қарақат Мейрамбек 200 теңгенің, үшінші орынға көтерілген Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының 3-курс студенті Бифаруза Балтабай 100 мың теңгенің жүлдесіне ие болды. Ал Медина Жұмабек «Инабатты», Азиза Алзада «Шырайлы», Сайда Байсейт «Сүйкімді», Әлия Өмірзақ «Нәзік», Бибімарям Нұрадинова «Сымбатты» номинациялары бойынша мара­пат­талып, оларға 50 мың теңгеден қаржылай сыйақы табыс етілді. Сөйтіп, алғаш рет ұйымдастырылып отырған 14-25 жас аралығындағы ақылды да ажарлы, дарынды да талантты бұрымды ару қыздарымыздың байқауы жоғары деңгейде өз мәресіне жетті. Алдаберді МАҚАШЕВ, Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар