Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
ашық дереккөз
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Республика күні мерекесіне орай қайраткер-қаламгер, «AR-AI» газетінің тұрақты авторы Көсемәлі Сәттібайұлы Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысын алды. Президент Алғысында: «Сіз республикалық басылымдарда жемісті еңбек етіп, отандық баспасөздің дамуына елеулі үлесіңізді қостыңыз. Қоғам өмірінің көкейкесті мәселелерін арқау еткен мазмұнды мақалаларыңыз, жұртшылықтың биік бағасын алған прозалық туындыларыңыз – тынымсыз шығармашылық ізденістеріңіздің нәтижесі. Халқымыздың руханиятын байытқан көп жылғы қажырлы еңбегіңіз үшін және ұлттық мерекеміз – Республика күніне орай Сізге алғысымды білдіремін. Өзіңізге зор денсаулық, жұмысыңызға табыс, отбасыңызға амандық тілеймін. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, Астана, Ақорда, 2023 жылғы қазан» деп жазылған. Ұлттық мерекеге арналған салтанатты жиында облыс әкімі Ербол Қарашөкеев қаламгерге Президенттің Алғысымен бірге Барыс бейнеленген алтын түстес төсбелгіні табыстады. Көсемәлі Сәттібайұлы – республикалық «Жас Алаш», «Егемен Қазақстан» газеттерінде ғана емес, өңіріміздегі Талас аудандық «Талас тынысы», облыстық «Ақ жол» газеттерінде де жемісті еңбек етті. «Ақ жол» газеті» ЖШС-ның 2014-2020 жылдардағы директор-бас редакторы болып, өңір экономикасы мен мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосты. Көптеген шәкірттер дайындады. Журналистік қызметінен қол үзбей жүріп, публицистикалық және көркем прозалық шығармалар жазды. Халқымыздың көрнекті перзенттері Дінмұхамед Қонаев, Бауыржан Момышұлы, Ыбырйым Сүлейменов, Шона Смаханұлы, Тәкен Әлімқұлов, Шерхан Мұртаза, Мекемтас Мырзахметов, Шәмші Қалдаяқов, Әбдімомын Желдібаев, Есенқұл Жақыпбеков сияқты тағы басқа да таланттар туралы эсселерін жұрт қызыға оқыды. Президент Алғысы құтты болсын, әріптес аға! «АR-AI» газетінің ұжымы
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар