Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ұлттық мереке ұлықталды

Ұлттық мереке ұлықталды
ашық дереккөз
Ұлттық мереке ұлықталды
Республика күніне орай облыс орталығы Тараз қаласында және аудандарда салтанатты шаралар ұйымдастырылып, бірқатар жаңа нысан пайдалануға берілді. Мейрам күні Тұңғыш Президент саябағында Республика күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным» атты патриоттық акция өтті. Ұлттық мерекеміздің мерейін асыруға арналған бұл іс-шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев келіп қатысып, халықпен бірге концерт тамашалады. Республика күні қарсаңында Жамбыл ауданындағы 6 елді мекенде әмбебап спорт кешендері, кіші футбол алаңы және балалар ойын алаңшасын ел игілігіне беру жоспарланған болатын. Соңғы он күн ішінде Аса, Қаратау, Тоғызтарау, Гродекова, Айшабибі ауылдарында тұрғындар өтінішіне сәйкес, ел игілігіне кіші футбол алаңдары, спорт кешендері пайдалануға берілсе, дәл мейрам күні Гродекова ауылында денешынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Тұрғындардың қуанышын бөлісуге аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы арнайы барып, тұрғындарды мерейлі мерекемен, жаңа нысанның ашылуымен құттықтады. Республика күні мерекесіне орай, «Асарлатып үй салу» жобасы аясында Сарысу ауданы, Әшір Бүркітбаев ауылының тұрғыны Ерлан Қайсарбековтің баспанасы күрделі жөндеуден өткізіліп, салтанатты жағдайда табысталды. Бұл тұрғын үйді ауылдықтар ұйымдасқан түрде күрделі жөндеуден өткізіп берді. Дәл осы күні Сарысу ауданы, Досбол ауылдық округіне қарасты Шағалалы ауылына көгілдір отын берілді. Шағалалы ауылына газ желісін пайдалануға беру салтанатты шарасына аудан әкімі Сәкен Мамытов қатысты. Мереке күні Сарысу ауданы Өндіріс ауылындағы клуб үйі күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Клубқа 223,6 миллион теңге қаржы қаралған болатын. Еліміздің басты мәртебелі мерекесі күні Шу ауданындағы 11 отбасы баспана кілтіне қол жеткізді. Осыған орай, жеке тұрғын үй кілттерін жаңа қоныс иелеріне салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Төл тарихымыздағы маңызды күнде Мойынқұм ауданы, Құмөзек ауылында «Асарлатып үй салу» жобасымен салынған тұрғын үйдің кілті тапсырылды. Аудан басшысы Ә.Балқыбеков ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтап, үй иесіне ізгі тілегін жеткізді. Айжан ӨЗБЕКОВА
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар