Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
ашық дереккөз
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді. Қабылдауға келген азаматтар бірқатар мәселелерді көтеріп, өтініштерін жеткізді. Атап айтқанда, Тараз қаласының тұрғыны Рабиға Дауылбаева Овсянников көшесінің жолын күрделі жөндеуден өткізіп беруді сұрады. Бұл мәселе жөнінде жауаптылар биылға бөлінген 430 миллион теңгеге қоғамдық көліктер жүретін көшелерге асфальт төселетінін айтып, аталған көшенің құрылыс жұмыстары келер жылы қаралатынын жеткізді. Тағы бір тараздық тұрғын Нағима Якубжанова қант қызылшасын өндірумен айналысады, биылғы жылы су тапшылығына байланысты шығынға батқан кәсіпкер мемлекет тарапынан көмек сұрады. Оның айтуынша, егін алқабы зардап шеккен шаруашылықтардың тізіміне енгізілмеген. Ербол Қарашөкеев бұл мәселе жөнінде жауаптыларға нақты тапсырма беріп, көтерілген мәселе қайта қаралатынын жеткізді. Қабылдауға жазылған басқа да азаматтар балалар ойын алаңшасын салу, көпқабатты тұрғын үй ауласын реттеу және өзге де мәселелерді көтерді. Облыс әкімі азаматтардың өтінішіне жіті көңіл бөліп, барлық мәселе заң аясында қарастырылатынын атап өтті. Бірқатар өтініштерді жан-жақты зерделеу үшін жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді. Облыс әкімінің баспасөз қызметі
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар