ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ – ЕГЕМЕНДІК ЖЕМІСІ
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайы, тұрғындардың тұрмысы мәз болмағаны баршаға белгілі. Десе де сол кездердің өзіндеақ Қазақстан халықаралық стандарттарға сәйкес келетін әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін құрды. Уақыт өте келе халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі қалыптасты. Оның қатарында базалық мемлекеттікәлеуметтік қамсыздандыру, жәрдемақы, міндетті әлеуметтік сақтандыру, халықты жинақтаушы зейнетақымен қамтамасыз ету секілді сан түрлі тетіктер іске қосылды.
Қазіргі таңда еліміз адам капиталын дамытуға, халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын жақсартуға барынша күш салып отыр. Өйткені түрлі жұмыс орындарын ашу, халықтың мүмкіндігіне қарай жұмысқа орналастыру, кәсіппен айналысуына жағдай жасау, оның ішінде көпбалалы ана, аз қамтылған отбасы, мүгедектігі бар адам секілді халықтың әлеуметтік жағынан осал тобына жататын азаматтарға қолдау білдіру – кедейлікпен күресудің алғышарты. Бүгінде мемлекетіміз әлеуметтік қамсыздандыру саясатын жүргізуде адамның этникалық шығу тегіне, жасына, мүгедектігіне қарамастан кез келген азаматтың әлеуметтік, экономикалық және саяси инклюзиясын дамытуға баса мән беруде. Нақты айтқанда, еліміз инклюзивті қоғам қалыптастыруда. Оның ішінде мүгедектігі бар азаматтардың мәселесін шешу басты назарға алынған. Мәселен, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында: «Қамқорлығында мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Тек ресми статистика бойынша 80 мыңнан астам бала мүгедектігіне байланысты есепте тұр. Үкімет БЦП диагнозы бар балаларға медициналық және әлеуметтік қолдау көрсетуді жақсарту үшін шаралар қабылдауы керек. Балаларға қолжетімді болуы үшін шағын және орташа оңалту орталықтарының желісін кеңейту қажет. Біз ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бірдей мүмкіндік жасауға міндеттіміз. Мен бұл туралы өзімнің сайлауалдындағы бағдарламамда айттым. Үкіметке енді осы мақсатқа үш жыл ішінде кем дегенде 58 миллиард теңге бөлуді тапсырамын», деген болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасынан кейін мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету, оларды оңалту, медициналық және басқа да қажетті құралдармен қамту, әлеуметтік нысандарды олардың кіріпшығуына ыңғайлы етіп қайта бейімдеу жұмыстары жандана түсті. Мұндай келелі жұмыстар облыстың кез келген ауданында да жүйелі жүргізілуде. Мысалы Т.Рысқұлов ауданы бойынша мүгедектігі бар азаматтарға көрсетілген көмектер тұрақты жүргізіліп келеді. Аталған ауданда бүгінде 2012 мүгедектігі бар тұрғын тіркелген болса, оның ішінде І топтағылар – 143, ІІ топтағылар – 637, ІІІ топтағылар – 838 адам. 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар саны – 394. Аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Айхан Назарбековтің айтуынша, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту бойынша ауданда 132515 мың теңге қаражат қарастырылып, оның 93730 мың теңгесі игеріліпті. – Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес 204 мүгедектігі бар адам міндетті гигиеналық құралдармен, 115-і техникалық көмекші құралдармен, 32-сі креслоарбамен, 15 мүгедектігі бар адам сурдотехникалық құралдармен қамтылды. Сондай-ақ 18 мүгедектігі бар адам тифлотехникалық құралдармен, 108-і протездікортопедиялық құралдармен, 134-і санаторийкурорттық емделумен, есту кемістігі бар 20 адам ымдау тілі маманы қызметімен, 16 мүгедектігі бар адам әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жеке көмекші қызметімен қамтамасыз етілді. Бүгінгі күнге 25 мүгедектігі бар адамға «Қамқоршы Үміт» корпоративтік қоры арқылы инватакси қызметі көрсетілуде. Осы жылы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік және көлік инфрақұрылым нысандарына қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін бейімдеу мақсатында барлығы 20 нысан жоспарланды. Оның ішінде атқарушы және өкілді органнан – 5, мәдениет саласы бойынша – 3, спорт саласынан, – 3, білім беру саласынан – 2, денсаулық сақтау саласынан 3 нысан және басқа да салалар бойынша 4 нысан бейімделуге бекітілді. Бүгінгі күнге аудандық мұрағат, Құлан агротехникалық жоғары колледжі, Қызылшаруа, Қорағаты, Көгершін дәрігерлік амбулаториялары, Көгершін ауылдық денешынықтыру кешені бейімделді. Спорт саласы бойынша Ақыртөбе, Р.Сабденов ауылдық денешынықтыру кешендерінің жаңа құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Мәдениет саласы бойынша 1 нысан жаңадан салынып жатыр. Сондайақ Луговой ауылдық мәдениет үйін күрделі жөндеу жұмыстары есебінен бейімдеу жоспарланған. Қазіргі уақытта аталған жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қалған нысандардың барлығы ішінара бейімделген, құрылыс нормаларына сай толыққанды бейімдеуге қаражат қарастыру жұмыстары қолға алынды, – дейді Айхан Жамбылұлы. Жалпы елімізде мүгедектігі бар адамдардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау, оларға мемлекет тарапынан төленетін әлеуметтік жәрдемақылар арқылы көмек көрсету өз деңгейінде жүргізілуде. Сол секілді ерекше қажеттілігі бар адамдарға оңалту орталықтары арқылы арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну, тегін протездік-ортопедиялық және сурдотифлотехникалық құралдар, кресло-арбалар, санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз ету – тәуелсіз елімізде жүргізіліп жатқан әлеуметтік қамсыздандыру саясатының жемісі.
Нұрым СЫРҒАБАЕВ
Т. Рысқұлов ауданы
Келесі мақала