ТӘУЕЛСІЗДІКТЕН БИІК ТҰҒЫР ЖОҚ
Құрметті жамбылдықтар!
Баршаңызды елдігіміздің еңсесін көтеріп, рухын асқақтатқан ең құнды – Республика күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күні мемлекет ретінде қалыптасуымызға бастау болған Егемендік туралы декларацияның қабылданғандығы – мерекенің мазмұны терең, маңызы жоғары екендігін айшықтап тұрғандай. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайда 25 қазанды еліміздің басты мерекесі ретінде атап өту жөнінде бастама көтеріп, тиісті заңға қол қойды. Осылайша, елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы – Республика күні ұлттық мереке ретінде қайта атап өтілуде. Әрбір халық үшін азаттықтан асқан ұғым, тәуелсіздіктен биік тұғыр жоқ десек, осынау тәуелсіздік жылдары жоғалтқанымыз жаңғырып, рухани-мәдени байлығымыз түгенделді. Еліміз түрлі дағдарысқа қарсы тұрып, біртұтас мемлекет, еркін ел екендігін көрсете білді. Шекарамыз бекітіліп, Ата Заңымыз халқымыздың бас құжатына айналып, төл рәміздеріміз төрге шығып, ұлттық теңгеміз қолданысқа енді. Ынтымақты – ұран, татулықты – ту еткен еліміз осы кезең ішінде толағай табыстарға жете білді десек, оған қасиетті Жамбыл жерінің, облыс тұрғындарының да қосқан үлесі орасан. Азаттықтың арайлы жылдары мемлекетімізбен бірге Жамбыл өңірі де өркендеу мен жаңғыруды бастан кешіп келеді. Ә л бет те, та р и х ы м ы з бе н ұ л т т ы қ құндылықтарымыз мемлекеттігіміздің іргетасы десек, әлемдік аренада қазақ елінің мәртебесін арттыру – болашақ үшін аса маңызды қадам болмақ. Бүгінде Әділетті Қазақстанды құру жолында баршамызға үлкен жауапкершілік, маңызды міндет жүктеліп отыр. Бұл игі мақсатқа жұмыла атсалысқанда ғана, нақты нәтижеге қол жеткізе аламыз. Себебі бұл қадам бәріміз үшін аса маңызды. Қадірменді жерлестер! Баршаңызды елдіктің еңселі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Егемендігіміз баянды, елдігіміз ғұмырлы болсын!
Ербол ҚАРАШӨКЕЕВ,
облыс әкімі
Келесі мақала