Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жол қателікті кешірмейді

Жол қателікті кешірмейді
ашық дереккөз
Жол қателікті кешірмейді
Бүгінде жол-көлік оқиғаларының салдарынан болатын өлім мен жарақат фактілері елімізде ғана емес, дүниежүзі бойынша азаймай отыр. Жыл санап көлік құралдарына сұраныс артып, тиісінше адамдардың өміріне қауіп төндіретін түрлі оқыс оқиғалар да жиілей түсуде. Дегенмен облыстық полиция департаментінің берген мәліметіне сүйенсек, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда облысымызда жол-көлік оқиғалары едәуір кеміген. Облыстық полиция департаменті 2023 жылдың 9 айында жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша бірқатар жұмыс атқарған. Атап айтсақ, 9 айдың қорытындысы бойынша облыс аумағында 695 жол-көлік оқиғасы тіркеліпті. Мәселен өт­кен жылдың тиісті кезеңімен салыс­тырғанда жол-көлік оқиғасының саны 35,4 пайызға (1 146-дан 695-ке), қаза болғандар 18,5 пайызға (184-тен 150-ге) және дене жарақатын алғандар саны 40,2 пайызға (1 781-ден 1 065-ке) төмендеген. Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Бауыржан Үдергеновтің айтуынша, аймақта жол-көлік оқиғаларының төмендегеніне қарамастан, республикалық деңгейде ең көп жол-көлік оқиғалары тіркелген облыстар арасында өңіріміз Алматы қаласы мен Алматы облысынан кейінгі алғашқы үштікте тұр екен. – Республикалық маңыздағы авто­жолдарда жол-көлік оқиғаларының саны 19,6 пайызға (265-тен 213-ке), қаза болғандар 16,8 пайызға (113-тен 94-ке) және дене жарақатын алғандар саны 24,2 пайызға (525-тен 398-ге) төмендеген. Жергілікті маңыздағы авто­жолдарда жол-көлік оқиғаларының саны 51,6 пайызға (124-тен 60-ға), қаза болғандар саны 35,3 пайызға (51-ден 33-ке) және дене жарақатын алғандар 54,9 пайызға (213-тен 96-ға) азайған. Ал қалалар мен елді мекендердегі көше-жол желісінде жол-көлік оқиғаларының саны 44,3 пайызға (757-ден 422-ге) және дене жарақатын алғандар 45,3 пайызға (1 043-тен 571-ге) төмендеген болса, қаза болғандар саны 15 пайызға (20-дан 23-ке) өскен, – дейді Бауыржан Үдергенов. Жалпы мамандардың айтуынша, жол-көлік оқиғаларының орын алуы бір­қатар факторға байланысты. Кө­біне автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілердің тәртіпсіздігі, жол инфра­­құрылымы мен автокөліктердің ескіруі, еңбек және демалыс режимін сақтамауы салдарынан өкінішті жағ­дай­лар орын алып жатады екен. Мәселен жүргізілген талдауға сәй­кес орын алған жол-көлік оқиға­ларының 70 пайызы 20 жылдан асқан ескі автокөліктердің қатысуымен орын алған. – Жол-көлік оқиғаларының ал­дын алу мақсатында облыстық по­ли­ция департаменті бастығының бас­тамасымен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолымен жүретін көлік құралдарының ағынын ілеспе алып жүру (сопровождение) бойынша жұ­мыстар күнделікті жүргізілуде. Аталған іс-шараға тәулігіне арнайы 4 автопатруль экипажы бөлінген. Іс-шара жүргізушілердің жылдамдық режимін сақтауға және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға ықпалын тигізуде. Патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен облыс ау­мағы арқылы өтетін транзиттік авто­көліктер мен жолаушыларды тасы­малдаумен айналысатын (авто­бус) жүр­гізушілермен жылдамдықты асырмау туралы түсіндірме жұмыс­тары атқарылуда. Сонымен қатар қауіпті учаскелерде еңбек және де­малыс режимін сақтау жөнінде, жол­дың бойында орналасқан кафелер мен кемпингтерде автокөлік жүргізу­­шілерімен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, буклеттер таратылуда. Облыс аумағында жол-көлік оқиғаларының орын алуының тағы да бір себебі – жолаушыларды тасы­мал­даумен айналысатын «Toyota Alphard» сынды көлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін сақтамауы. Жоғарыда аталған түсіндіру іс-шаралары жолаушылармен де жүрг­і-зілуде. Яғни жолаушы жүргізушіге жыл­дамдықты асырған жағдайда немесе жол ережесін бұзса, тиісті талабын қоя алады. Егер де жүргізуші жо­лау­шылардың талаптарын елемеген жағдайда 102-ге хабарласып, шағымын айтса болады, – дейді Бауыржан Үдергенов. Бұдан басқа, республикалық ма­­ңызы бар автожолдарда жыл­дам­дықты сақтауды қадағалайтын 20 жылжымалы аппараттық-бағ­дарламалық кешен жұмыс атқарады. Аппараттық-бағдарламалық кешенмен биыл 9 айда 1 миллиард 247 миллион теңгеге айыппұл салынып, 1 миллиард 162 миллион теңгесі өндірілген. Сондай-ақ облыс бойынша орын алған жол-көлік оқиғаларының тең жартысы Тараз қаласының аумағында тіркелген екен. Тараз қаласында соңғы 9 айда жол-көлік оқиғаларының саны 44,3 пайызға (562-ден 313-ге), дене жарақатын алғандар 44,8 пайызға (788-ден 435-ке) төмендегенімен, қаза болғандар саны 45,5 пайызға (11-ден 16-ға) өскен. Шаһарда орын алған жол-көлік оқиғаларының көбі жаяу жүргіншілердің қатысуымен орын алған. Есепті ке­зеңде 313 жол-көлік оқиғасының 122 дерегі жаяу жүргіншілерді қағумен байланысты. Салдарынан 10 адам қайтыс болып, 123 адам дене жарақатын алған. – Жаяу жүргіншілердің тәртіп­сіздігінен, жолдың белгіленген же­рінен емес, кез келген тұстан кесіп өтуінен түрлі оқыс оқиғалар тіркеліп жатады. Осыған орай, аталған құ­қық­бұзушылықтар бойынша жыл басынан жаяу жүргіншілерге қатысты 17 мың 793 (2022 жылы – 9 525) әкімшілік хаттама толтырылды, – деген Бауыржан Үдергенов жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша полиция қызметкерлері бірқатар жұмыс атқарып жатқанын мәлімдеді. Жыл басынан барлығы 495 113 жол ережесін бұзу дерегі анықталса, оның ішінде 14 637 әкімшілік құқықбұзушылық поли­ция қызметкерлерімен, ал 349 мың әкімшілік құқықбұзушылық автомат­тандырылған стационарлық-аппа­рат­тық бағдарламалық кешенмен анықталған. Әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша 4 миллиард 493 миллион теңге айыппұл салынып, оның 4 миллиард 111 миллион теңгесі өндірілген. Айжан ӨЗБЕКОВА aizhan-uzbekova@mail.ru
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар