Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ТҰРАҚТЫ ЖӘНЕ СЕНІМДІ ӘРІПТЕСТІК

ТҰРАҚТЫ ЖӘНЕ СЕНІМДІ ӘРІПТЕСТІК
ашық дереккөз
ТҰРАҚТЫ ЖӘНЕ СЕНІМДІ ӘРІПТЕСТІК
Премьер-Министрдің орынбасары-Үкімет Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев Астанаға жұмыс сапарымен келген БАӘ-нің Министрлер кабинеті істері жөніндегі министрі Мұхаммед Әл-Гаргауимен кездесті. Ғалымжан Қойшыбаев Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері ара­сын­да­ғы ынтымақтастықтың жоғары деңгейде екенін атап өтті. Ғалымжан Тельманұлы барлық бағыттағы тұрақты байланыс саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық сала­лар­да­ғы екіжақты әріптестікті одан әрі нығайтуға ықпал етуде. «Мемлекеттік басқару саласындағы өзара іс-қимыл үкіметаралық ынты­мақ­тас­тық­тың жаңа бағдары ретінде айқындалды. Атап айтқанда, осы жыл­дың ақпан айында Дубай қаласында қол қойылған Даму және жаңғырту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында «Үкімет­тер ара­сын­да тәжірибе алмасу бағ­дар­ла­масы» бойынша жұмыс басталды. Қазақстан мен БАӘ-нің сарапшы топтары мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, жасанды интеллект, бағдарламалау, туризм және смарт-қызметтер сияқты өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттарын анықтады. Қазақстан өзара ақпарат және пайдалы тәжірибе алмасу арқылы мемлекет­тік басқару саласындағы ынты­­мақ­тас­тық­ты жалғастыруға мүд­де­лі», деді Ғ.Қойшыбаев. Кездесу аясында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин араб тарапына Қазақстан­ның цифрландыру саласындағы жетістіктерін, атап айтқанда, «e-government», «Smart Data Uki­met» инфрақұрылымын, Орталық Азиядағы «Astana Hub» ірі халықаралық технопаркінің жұмысын көрсетті. Ал М.Әл-Гаргауи БАӘ Үкіметінің мемлекеттік басқару жүйесінде қолда­ны­ла­тын цифрлық шешімдерді таныстырды. Кездесу соңында тараптар басым бағыттар бойынша тығыз өзара іс-қимылды одан әрі жалғастыруға уағдаласты.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар